Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Памятка о конфиденциальности личных данных пользователей, посещающих интернет-ресурс (kz)

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті интернет-ресурсының әкімшілігі http:// http://www.fireman.kz  (бұдан әрі – веб-портал) өз пайдаланушыларының құқығына құрметпен қарайды. Біз веб-портал пайдаланушыларының жеке ақпаратының құпиялылығы қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аталған парақша біздің қандай ақпарат қабылдап, жинақтайтындығымыз, Сіздің веб-порталды қашан қолданатындығыңыз туралы ақпаратты сақтайды. Бұл мәліметтер Сіздің тараптан ұсынылатын жеке ақпаратқа қатысты дұрыс шешім қабылдауда өз көмегін тигізер деп үміттенеміз. Аталған Жадынама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына және біздің веб-порталда өзіңіз көрсеткен ақпаратқа таратылады.

 
Ақпарат жинақтау
Біздің веб-порталға кіру кезінде Сіздің провайдеріңіздің домен атын, мемлекетті және бір беттен екіншісіне таңдап көшуді (басқаша айтқанда «көшу ағынының белсенділігі») есепке аламыз. Веб-порталда біз қабылдайтын мәліметтер веб-порталды пайдалануды жақсартып, жеңілдету үшін қолданылуы мүмкін, ол өз кезегінде мыналарды қосады (шектемейді):
- порталды пайдаланушылар үшін тиімді тәсілмен ұйымдастыру;
- қажет деп тапқан жағдайда RSS сілтемесіне жазылу мүмкіндігін ұсыну.
Біздің веб-порталда Сіз тек қана ерікті түрде, веб-порталға кіру және тіркелу кезінде ұсынған жеке ақпараттар жинақталады. «Жеке ақпарат» түсінігі Сізді нақты тұлға ретінде анықтайтын, яғни аты-жөніңіз бен электронды пошта мекен-жайын қамтитын ақпарат. Веб-порталдың мазмұнымен танысу тіркелу рәсімін жүргізуді қажет етпейді.
Статистикалық есептілікті құру үшін портал «сookies» («куки») технологиясын қолданады. Сookies – Сіздің компьютеріңіздің қатты дискісіне орналасу үшін рұқсат сұрайтын кішкене ғана файл. Сіз келіскен жағдайда файл қосылып, сookies интернет-трафикті саралауға және белгілі бір интернет-ресурсқа қашан кіргендігіңізді білуге мүмкіндік береді. Сookies белгілі бір қосымша көмегімен Сізді тұлға ретінде қабылдайды. Веб-қосымша Сіздің қажеттілігіңізге, қабыл алуыңыз бен жаратпауыңызға байланысты, қалауыңыз туралы ақпараттарды жинақтау әрі еске сақтау арқылы өз қызметін бейімдей алады.
Жалпы, сookies Сізге жақсы веб-портал ұсынуға, Сіздің қандай парақшаларды қажетсінетініңізді немесе қажетсінбейтініңізді бағдарлауға көмектеседі. Сookies-тің Сіздің компьютерге ену немесе Сіз туралы кез келген ақпаратты алу мүмкіндігі жоқ. Ол Өзіңіз бөлісуді қажет деп тапқан мәліметтерді ғана көре алады.
Сіздің сookies-ті қабылдау-қабылдамау еркіңіз өзіңізде. Веб-браузерлердің көпшілігі сookies-ті автоматты түрде қабылдайды, бірақ Сіз «баптауды» қажетіңізге қарай өзгерте аласыз.
Жоғарыда көрсетілгендерге қосымша сайтқа кірушілердің санағын жүргізу және оның техникалық мүмкіндігін салмақтау үшін веб-серверді тіркеудің қалыпты журналы қолданылады. Бұл ақпаратты біз сайтқа қанша адам кіргенін анықтау үшін, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, пайдаланушыларға ыңғайлы етіп ұйымдастыру, сондай-ақ веб-сайттың қолданылып отырған браузерге барынша сәйкес келу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барынша пайдалы мазмұн ұсыну үшін қолданылады.
Порталдағы қозғалыс туралы мәліметті, сондай-ақ жеке ақпаратты веб-порталдың әкімшілігі Сіздің келісіміңізді алмай пайдалана алмайды. «Сookies-сіз» материалдарды қарау үшін Сіз браузеріңізді «сookies» қабылдамайтындай етіп, немесе оның жолданғандығы жөнінде ескертпе келетіндей қалыпқа келтіруіңіз керек. Мұндай өзгертулер браузердің ерекшелігіне орай әрқилы болатындықтан, «сookies» арқылы браузер қондырғысын өзгертуді анықтауға кеңес береміз.
 
Қауіпсіздік
Біз Сіздің ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысамыз. Рұқсатсыз кіру және ақпаратты рұқсатсыз жариялау жағдайларының алдын алу мақсатында біз порталға жинақталатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін физикалық, электронды және басқару рәсімдерін жолға қойдық.
 
Басқа сайттарға сілтеме
Біздің веб-портал өзге де қызықты ресурстарға сілтемелер жасауы мүмкін. Бірақ, Сіз порталымыздан шығып, өзге сілтемеге кірер болсаңыз, біздің басқа веб-ресурстарды бақылай алмайтындығымызды білгеніңіз жөн. Осылайша, біз мұндай веб-ресурстарға кірген уақытыңыздағы Сіз ұсынған кез келген ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығына жауап бере алмаймыз.