Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері «Донор күні» атты науқанына қатысты

11.07.2018
Қарағанды облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері «Донор күні» атты науқанына қатысты.

Статистикалық есепке сүйенсек, жер шарының әрбір үшінші тұрғыны өмірінде, жоқ дегенде бір рет донорлық қанды қажет етеді. Адамдардың өмірін қамтамасыз ету барысында, жарақаттану мен күйік шалу, қиын оталарды жасауда, қиын босану кезінде, гемофилиялық ауру мен қан жетіспеушілігінде донорлық қан тапсырудың маңызы зор. Сондай-ақ, онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға химиялық терапия кезінде қан тапсыруды қажет етеді. Донор болу - мыңдаған өмірді құтқарады.

Бұл науқан бірнеше жылдан бері өз жалғасын табуда. Құтқарушылар «Донор күні» науқанында ғана қан тапсырып қана қоймай, үнемі басқа уақытта да тапсырып тұрады. Біздің құтқарушылар ұйымдастырылған шараны өз мамандығының бір міндеті ретінде санап, қуана қатысады.

Кадр жұмыс бөлімінің инспекторы Жапишев Нұрсұлтан «Біздің мамандығымыз адам өмірін құтқару болғандықтан, қан тапсырып көмектесуді де өз міндетім және парызым деп санаймын», - дейді. Сонымен қатар гемоглобин дәрежесін және қан қысымын тексерту мақсатында осы шараға 16 рет қатысуда.
Бұл күнде  өздерінің қанымен 60-қа жуық адам бөлісті.

Нұрайым Кенжехан,
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі


Возврат к списку