Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасы азаматтарды судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады

11.07.2018
Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасы суға шомылу маусымының қызған кезінде қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздікті қатаң түрде сақтауға шақырады.

«Қазгидромет» МКМ хабарлауынша Қарағанды қаласында ыстық ауа -райы күтілуде.Осы аптап ыстық уақытта азаматтар жақын маңайдағы су қоймаларына суға шомылуға демалуға баруы орын алуда.

Хабарлаймыз, 2018 жылдың шілде айында 2 бала суға батып кетті:
- 5 шілде күні «радуга-1» саяжайы маңындағы су қоймасында белгісіз себептермен 2003 жылы туылған жасөспірім бала суға батып кетті;
- 8 шілде күні №33 шахталық су жинағышы су қоймасында белгісіз себептермен суға шомылу кезінде 2001 жылы туған жас өспірім бала суға батып кетуі орын алды.

Жоғарда көрсетілген су қоймалары шомылуға арналмаған.

Қарағанды қаласы бойынша 17 су нысандары бар, соның ішінде Федоров су қоймасыңың сол жақ жағалауы ( Қалалық жағажай,  Яхт клубы,  «Маяк»,  Дайвинг орталығы)  мен Орталық демалу саябағындағы су қоймасы азаматтардың суға шомылуына жарамды болып саналады.

Адамдардың қайтыс болуын болдырмау мақсатында келесі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды ұсынамыз.
- балаларды су нысандарында ата- ананың қарауынсыз қалдырмаңыз;
- бөтен су нысандарында алысқа жүзімеңіз;
- аяғыңыз тартылып қалған жағдайда, суда тұрып көмекке адамдарды шақыруға қамданыңыз, өзіңізге абай болыңыз.
- суға шомылу кезінде бір бірлеріңізге қарап жүріңіздер;
- егер суық суда көп тұрып қалсаңыз оның алғашқы белгілері (дірілдеу, әлсіреу,тоңу) байқалса тез арада жағалауға шығуға ұмтылыңыз;
- егер су түбіндегі шырмауықтарға кез болсаңыз, жедел қимыл жасамай артыңызбен суда жүзіп, таза жерге шығуға тырысыңыз.

Қауіпсіздік ережелерін орындау адамдардың судағы қауіпсіздігінің негізгі кепілі!


Қарағанды қаласы
ТЖ басқармасының
ТЖ жою бөлімінің бас маманы     Д.Оспанова

Возврат к списку