Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарқаралы тауларында екі адасып кеткен адам табылды

10.07.2018
9 шілде 22:53 - те екі адамның Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы тауларында адасып кеткені туралы хабар түсті. Демалыс үйлерінің бірінде демалушы отбасылық жұп Шайтанкөл өзенінінен дербес экскурсиядан қайтып келе жатып соқпақтан бұрылып, жолды қысқартамыз деп шешеді. 1,5 сағат көлемінде жастар тоғайды аралайды. Адасқандарын және өз беттерінше қайтар жолды таппайтындарын түсініп, демалушылар «112» нөмірі бойынша құтқару қызметіне қоңырау шалады.

Қарқаралы ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы Бекзат Рахимжанов пен Қарқаралы ұлттық табиғи саябағының орманшысы Кайрат Игишев ісдестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу үшін  шықты.
Құтқару тобы адасып кетушілермен телефон арқылы байланысты ұстау арқылы олардың шамамен тұрған орындарын анықтады. Ісдестіру – құтқару жұмыстары түнде жүргізілгендіктен қиындықтар туғызды. Бірақ осыған қарамастан, қарқынды іздестірулердің арқасында адасып кеткендер бір сағат көлемінде табылды.

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады және өздерінің демалыс орындарына жеткізілді.

Қарағанды облысы ТЖД орманға шыққанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстануды ұсынады: орманға шығар алдында туысқандарыңызға баратын жерлеріңіз туралы ескертіңіз, қайтатын «нақты уақытты» белгілеңіздер, өздеріңізбен бірге байланыс құралдарын алыңыз, көрінетін бағдарды үнемі қадағалаңыз, соқпақ жолдан шықпаңыз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку