Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында екі адам құтқарылды

10.07.2018
9 шілдеде Қарағанды облысы Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Самарқанд су қоймасында екі адамды құтқарды.

14:20 – да айдынды бақылау барысында Теміртау қ.құтқару бөлімшесінің кезекшісі қалалық жағажай аймағында суда қозғалыссыз жатқан адамның денесін көреді. Оқиға орнына екі құтқарушы және медбике шығады. 1993 жылы туған жас әйел суда ессіз қалыпта болған. Құтқарушылар әйелді жағаға жеткізді, онда оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Кейін құтқарылған әйел жедел медициналық көмек қызметкерлеріне берілді.

Екінші жағдай кешке жақын болды. 18:45 – те құтқарушыларға «Солнечная лагуна» демалыс орны аймағында суға батып жатқан жігіт туралы дабыл түседі. 18:53 –те 1994 жылы туған жас адам жағалауға шығарылады. Құтқарылушы медициналық көмекке мұқтаж болмады. Құтқарушылар онымен судағы қауіпсіздік туралы түсіндіру әңгімесін өткізді.

Қарағанды облысы ТЖД су қоймаларында демалушыларға қарпайым қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- арнайы тағайындалған орындарда шомылу;
 - жүзу шекарасы белгісінен асып жүзбеңіз;
- суда демалған кезде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- сіздерге таныс емес жерде шомылмаңыздар;
-ішімдік ішкеннен кейін суға шомылмаңыздар;
-суда жүзу білмесеңіз,белден аса кірмеңіз;
- шомылу кезінде денеңізді қалтырауға жеткізбеңіз. Есте сақтаңыз, суда көп болу дененің салқындауына алып келеді;
 - жағадан алысқа жүзбеңіз;
-  өздігінен жүретін кемелерге жақындамаңыз;
- жүзу жабдығын пайдаланған кезде (қайық, скутер, катамаран және т.б.) құтқару желеткесін немесе белдікті ұмытпаңыз;
 - «Шомылуға тыйым салынады» белгісіне назар аударыңыз;
 - қаты ағынға тап болған кезде оған қарсы жүзбеңіз, ағынды жағаға жету үшін қолданыңыз;
- түнде суға шомылуға тыйым салынады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі








Возврат к списку