Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

КТИ - жарқын болашақ!

13.06.2018
Мамандық – ол әр адам өзінің алғашқы даму деңгейі, яғни мектептен кейін алатын өмірге билеті. Бастысы мамандық таңдауда қателеспеу.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты - жоғары білімді білікті офицерлерді дайындайтын жалғыз ведомстволық оқу орны, ол жерде «Төтенше жағдайларда қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтары оқытылады. Курсанттарды оқу кезеңінде мемлекет толықтай қамтамасыз етеді.

Көкшетау техникалық институтында білім алған уақыт азаматтық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне қосылады. Институтты аяқтағаннан соң, түлектерге арнайы атақ – азаматтық қорғау лейтенанты беріледі. Көкшетау техникалық институтын бітірген барлық тұлғалар жұмыспен қамсыздандырылады, азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріне қызметке тағайындалады, сонымен қатар тұратын жері ескеріледі.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жыл сайын КТИ түлектерімен толықтырылады. Түлектер міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде лауазымдарға тағайындалады.

Қазіргі таңда Көкшетау техникалық институтының 58 түлегі жауапты және басшылық қызметте. Олардың ішінде Қарағанды облысыТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Каримов Б.Т., Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі С.Жақыпбеков, Саран ауданының  ТЖ бөлімінің  бастығы азаматтық қорғау майоры  С.С. Анишенко, Қарағанды облысы ТЖД  бірыңғай диспетчерлік қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.В. Лохнов, Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.И. Янцен және т.б.

Қарағанды облысының ТЖД  КТИ-ға түсуге ниет білдіргендердің барлығын шақырады, Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 4 мекенжайы бойынша күтеміз, анықтама үшін тел 51-13-80 – Қарағанды облысының Төтенше жағадайлар департаменті кадр жұмысы бөлімі.

И.Д. Күлшімбаев,
Қарағанды облысы ТЖД бастығы

Возврат к списку