Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Түлектердің бітіру кештерін мерекелеу іс-шараларын өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулық

12.06.2018
2018 жылдың 11 маусымында Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен 2018 жылы 15 маусымында мектеп бітіруші түлектердің кештерін мерекелеу қарсаңында қала аумағында жалпы білім беретін мектеп басшыларымен және қызметкерлерімен өрт қауіпсіздік саласы бойынша нұсқаулық жүргізілді. Іс-шара барысында адамдар жаппай болатын объектілердің мерекелік іс-шаралар өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында нұсқаулық өткізілді.

Нұсқаулық барысында Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері:
- адамдар жаппай болатын объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыздандыру;
- мерекелік іс-шара өкізілетін орындарда кемінде сыртқа шығатын екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз ету және эвакуациялық шығу жолдарында заттардың тұрмауына, кептеліс жасамауына жол бермеу;
- от шашу бұйымдарын қолданбау;
- мерекелік іс-шара өткізілетін орындарда кемінде екі алғашқы өрт сөндiру құралдары жарамды күйінде болуы қажет;
- қолдан жасалған электр сымдарын және электр жарықтарын қолданбау;
- бөлмелерде темекі шекпеу және тағы да басқа өрт қауіпсіздік ережелері бойынша талатар атап өтілді.

Іс-шара барысында жалпы білім беретін мектеп басшыларына және қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігін қамтамасыздандырудың негізгі принциптері, өрт қауіпсіздік ережелері және нормаларының адам көп жиналатын нысандарға және тұрғын үйлерге қойылатын негізгі талаптары, сонымен қатар өрттер орын алған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай қолдану жөнінде ақпараттар жеткізілді және жадынамалар таратылды.


Сәтбаев қаласы Төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі
Е. Байғазиев

Возврат к списку