Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысында бизнес өкілдерімен кезекті кездесу өткізілді

11.06.2018
Қарағанды облысының ТЖ департаменті бизнес өкілдерімен кездесулерді жиі өткізеді.

8 маусымда ҚР «Атамекен» ҰКП Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, облыстың бизнес қоғамдастығымен кезекті «дөңгелек үстел» өткізілді. Бұл кездесу бизнесті басқару үшін мемлекеттік қолдау және әкімшілік кедергілерді төмендетудегі жеткен нәтижелерді, бақылау және қадағалау функцияларын, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, сонымен қатар, кәсіпкерлердің заңды қызығушылықтарына шек қоюмен байланысты жағдайды шешу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қорғау органдары мен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды түсіндіру мақсатында өткізілді.

«Дөңгелек үстел» барысында 2018 жылдың 24 мамырындағы № 156-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ҚР Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды.

ТЖД қызметкерлерімен ерекше тәртіп бойынша қауіп деңгейін бағалау, сонымен қатар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексі» 144, 147 баптарына сәйкес жүргізілетін тексерістерді жүзеге асыру бойынша түсініктеме берілді.

«Дөңгелек үстел» соңында Департамент қызметкерлері кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау бойынша ұсыныстар берді.

«Дөңгелек үстелге» бизнестің 8 ірі объектілерінің өкілдері қатысты.


   
Азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ерёменко,
Қарағанды облысы ТЖД
ӨҚСБжПҚБ бас маманы

Возврат к списку