Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Абай ауданында жас құтқарушылар аудандық жарысы өтті

15.05.2018
Әрбір адам өмірінде бір рет болсын төтенше жағдаймен немесе өртпен қақтығысты. Мұндай жағдайда күтпеген жерден келеңсіз оқиға орын алса ең  алдымен кімге қоңырау шалу керек және не істеу қажет? Осы және басқа да сауалдардың жауабын бүгін жас құтқарушылар топтары анықтап берді.

Жылдағы дәстүрге сай, биыл аудан бойынша жас құтқарушылар сайысы Топар кентінің Павел Корниенко атындағы қосымша білім беретін мектеп орталығының  спорттық алаңында өткізілді. Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырған бұл сайысқа орта мектептердің 7-10 сынып оқушыларынан құралған 13 команда қатысты.

Салтанатты шара әуелеген әнұранмен басталды. Бұл сайыстың негізгі мақсаты - балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйрету жұмысының тиімділігін арттыру, оқушыларды өрт қауіпсіздігін насихаттауға белсенді тарту, өрт-техникалық білімді және өрт-құтқару спортының негіздерін білуге үйрету, тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін, салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу, сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметіне жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады.

Аймақтық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы подполковник Асет Абишев сайысқа қатысушы сайыпқырандарға сәт-сапар тіледі.

« Бүгін жас құтқарушылар тек дене тәрбиесі жағынан жаттығып қоймайды, сонымен қатар, моральды-психологиялық дайындықтан өтіп, өздерін кез келген төтенше жағдайға дайын тұлға ретінде қалыптастырады. Олимпиаданың тапсырмалары өмірде шынайы болатын оқиғаларға тән жағдайда өтеді. Бұл сайыста алынған білім әр түрлі қиын жағдайларда балалардың өз өмірлерін аман сақтап қалуларына көмектеседі деген сенімдеміз. Оқушылардың «өрт сөндіруші» мен «құтқарушы» мамандықтарын таңдап, болашағын осы кәсіптермен байланыстыруға ықпал ететін мұндай шаралар біз үшін өте маңызды. Сондықтан, алдағы уақытта да міндетті түрде жас құтқарушылардың олимпиадалық қозғалысын дамыту керек», – деді Асет Абишев.

Қатысушылар «Дабыл бойынша жиналу», «Жауынгерлік қанат жаю», «Жеке қорғау құралдарын кию», «Зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету» және «Ақпараттық үгіт насихат бригадасы» секілді 5 кезеңнен күш сынасты.

Іс-шара барысында барлық командалар төтенше жағдай кезіндегі теориялық білімі мен практикалық біліктіліктерін оң жағынан таныта білді. Сайыс шарттарын орындау кезінде жақсы дене дайындығын көрсеткен оқушылардан салауатты өмір салтын ұстанатындықтары байқалды.

Шығарылған қорытындыға сәйкес, жалпыкомандалық есепте жүлделі І орынды Абай атындағы орта мектеп командасы жеңіп алса, ІІ орынды Топар кентінің Павел Корниенко атындағы қосымша білім беретін мектеп орталығы және Топар орта мектебі, ІІІ орынды №4 Вольный  орта мектебі және Абай қалалық №14 мектеп лицей  командалары иеленді.

Өмірдің кез келген келеңсіз оқиғасынан аман шығуға, қиындыққа дайын болуға даярлайтын аталмыш шара соңында жеңімпаз атанған барлық командалар ұйымдастырушылар атынан мақтау грамоталарымен марапатталды.

Абай ауданыны ТЖБ РММ
бас маманы
Богуш К.В.

Возврат к списку