Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жезқазған қаласы ТЖБ –да жаппай демалу объектілерінің басшыларымен бірге жиын өткізілді

15.05.2018
Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастауымен Кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан жаппай демалу объектілерінің басшыларымен бірге жиын өткізілді.

Күн тәртібінде ішкі істер органдармен бірлесе отырып,  су пайдаланушылармен суға шомылу маусымында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және іске асыру сұрағы тұрды.

Жиынның спикерлері Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы капитан Асанов Д.Т. және Жезқазған құтқару құрылымның басшысы Аглюков М.Н. сөз сөйледі.

Жезқазған құтқару құрылымның басшысы Аглюков М.Н. қатысушыларға, су айдынында жаппай демалу орындарының ұйымдарына  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің  «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен таныстырып өтті.

Су пайдаланушылар жылдан жылға келе жатқан өзекеті мәселелерін айта кетті, соның ішінде демалушылардың спирттік ішімдік пайдалану және мас күйінде суға шомылу, олармен қоғамдық тәртіпті бұзу.

Бұл сұрақтарға Жезқазған қаласының ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны Қ.А. Әтенов жауабында, егер бұндай фактілер орын алып жатса, бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шара қолданылады.

Су пайдаланушыларға су айдыңдарында жаппай демалу орындарын ұйымдастыру, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мақсатында кешенді іс-шаралар туралы ұсыныстар берілді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша, мамырдың үшінші онкүндігінің ішінде жалпы демалыс орындардың демалыс орның ұйымдастыру және суға шомылу мауысымына дайындығын анықтау үшін комиссиялық тексеріс жүргізу көзделген.

Жиынның соңында капитан Асанов Д.Т. суда шомылу маусымында, бірлесе отырып жұмыс жасауға сенімін білдіріп, жұмысты жоғарғы дәрежеде ұйымдастыруға шақырды.

Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Возврат к списку