Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы «Уақыт.кз» телебағдарламасында сөз сөйледі

16.04.2018
Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д.Күлшімбаев «Saryarqa» телеарнасындағы  «Уақыт.кз» телебағдарламасында сөз сөйледі.

Бағдарламаның тақырыбы Қарағанды облысында су тасқыны жағдайының өтуі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі  бойынша жүргізіліп жатқан тексерулер мәселелері болды.

«2017 жылы барлығы 34 елді мекен аймақтарында 53,16 шақырым бөгеттер мен дуалдар салынды және жөнделді, олардың ішінде 42,6 шақырым қорғаныс дуалдары жаңадан салынды, 10,7 шақырым бұрыннан бар бөгеттерге жөндеу жүргізілді,  7,1 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарына түзету, жағалауларын бекіту, тазалау жүргізіліді.

Сонымен қатар, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша айтулы жұмыстар жүргізілді.
         
Ағымдағы жылы наурызда су тасқыны суының кедергісіз өтуі үшін  Федоровка су қоймасының айналма арығын шоқталдан және қамыстан тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліді, барлығы 1300 метр тазаланды.
        
Федоровский су қоймасының аумағында орналасқан «Машиностроитель», «Заря», «Наука», «Ертіс», «Арман», «Политехник», «Шолпан» саяжай қоғамдастықтарын  су тасқынынан қорғау үшін  850 м дейін жер дуалдары  нығайтылды. Өткізілген іс – шаралар су тасқыны кезеңін кедергісіз өтуге мүмкіндік береді» ,- деп И.Д.Күлшімбаев атап өтті.
 Сонымен қоса, әңгімелесу барысында өрт желісі бойынша тексеру туралы сұрақтар қойылды.
     
Департамент басшысы әр түрлі объектілердің  өртке қарсы жағдайы жоспарлы түрде тексерілетіндігін атап өтті. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ірі сауда объектілерінің өртке қарсы  жағдайларын жоспардан тыс тексерулер жүргізуді тапсырды.
          
Қарағанды облысы аймақтарында жоғары дәрежедегі қаупі бар   171 сауда – ойын –сауық объектілері  есепке алынды. Тексерулер ағымдағы жылдың  2 сәуірде басталды және 30 сәуірде аяқталады.  Үлкен сауда оъектілерінің көбісі әлдеқашан тексерілді. Басшылыққа  анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі белгіленді, оларды орындау бақылаудағы тексеріс барысында  тексеріледі.

 Қарағанды обылысы ТЖД баспасөзь қызметі
      

Возврат к списку