Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасы жеке құрамымен өткізілген жиналыс

12.04.2018
2018 жылдың 11 сәуірі күні Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасында Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің орынбасары полковник М.Қ.Қатпановтың төрағалығымен Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасының  жедел-қызмет жұмысының 2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жеке құрамның қатысуымен жиналыс болып өтті.

Жиналыста Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.С.Бекбосынов жедел-қызметтегі жетістіктер мен екінші тоқсанда тұрған мәселелерге байланысты баяндама жасады.

Жиналысты қорытындылай келе, полковник Қатпанов М.Қ ТЖ Басқармасының  бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарына оң баға бере келе, жеке құрамның назарына Елбасының бес бастамасын таныстырды.

Сонымен қатар  жеке құрамға  қоданыстағы заңдылықты қатаң басшылыққа алуды жемқорлыққа жол бермеу, жол ережелерін қатаң сақтай отырып, әскери және қызметтік тәртіпті сақтау қажеттігін баса айтты.

Сонымен бірге, бірқатар нақты тапсырмалар берді, атап айтқанда мемлекеттік өртті қадағалау жүйесі бойынша алдын -алу насихаттау жұмыстарын күшейту, тәрбие жұмысының белсенділігін арттыру және алдағы өрт қауіпсіздігі мен суға шомылу маусымдарында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мен «Жас құтқарушылар» олимпиадасын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуді атап тапсырды.


Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасының
ТЖ жою бөлімінің бас маманы
И.И.Караванова



Возврат к списку