Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Аян-Пассаж» Сауда үйінде де өрт –тактикалық оқу – жаттығуы өтті

13.04.2018
«Аян-Пассаж» сауда үйі Теміртау қаласындағы ірі сауда нысаны болып табылады.
2018 жылы 12 сәуірде персоналдың және өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің  «Аян-Пассаж»СҮ өрт шыққан кездегі іс-қимылын пысықтау мақсатында өрт-техникалық оқу жаттығулары өткізілді.

Жаттығу сценариі бойынша 1-қабаттағы балалар алаңы жанында орналасқан "Ойыншықтар" бөлімінде өрт шықты. Нысанның әкімшілігі, автоматты өрт дабылы және құлақтандыру жүйесі іске қосылғаннан кейін, өрт туралы "101" телефонына хабарлай отырып, келушілер мен персоналды көшіруге кірісті. 370 адам көшірілді. Объекті өкілдерімен өрт сөндіру бөлімшелерімен кездесу қамтамасыз етілді және өрттің шыққан жері және зардап шеккендер мен ғимараттан шығып үлгермеген жандардың болуы туралы ақпарат берілді.

Өрт орнында жедел штаб құрылды, оның құрамына объектінің әкімшілік өкілдері, Теміртау қаласы ІІБ, "Оқжетпес " ЖШС" ,медициналық қызмет кірді. Теміртау қаласының құтқарушылар бөлімшелері күштерімен авариялық-құтқару құралдарын қолдану арқылы электр қалқанының темір есігін ашу қамтамасыз етіліп, электр қуаты ажыратылды.

Газ түтіннен қорғау қызметі бөлімшелері күшімен барлау жүргізген кезде 3 адам табылып қорғаныс қалпақтарын қолдану арқылы таза ауаға шығарылды , сондай ақ  өрт сөндіру үшін оқпан әперілді.

Шартты ошақта өрт сөндіру барысында, объектінің әкімшісі штабқа түгендеу кезінде 2 қабатта орналасқан бутиктердің бір сатушысының жоқтығын хабарлады. Зардап шегушіні іздеп құтқаруға газ түтіннен қорғау қызметінің 2 бөлімшесі жұмылдырылды. Шартты өрт жойылды, барлық үй-жайларға бақылау тексерісі жүргізілді.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету Теміртау қ. ІІБ ЖПҚ күшімен жүзеге асырылды. Тонау фактілерін болдырмау үшін іргелес аумақ Ұлттық ұланның №5516 әскери бөлімі жеке құрамымен қоршалды.

Оқу жаттығуға Теміртау қаласының азаматтық қорғау құрылымдарынан 117 адам жеке құрам және 13 техника бірлігі қатысты.

Жалпы оқу-жаттығу нәтижелері көрсеткендей, қызметкерлері төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс-қимылдарға дайын.

 Теміртау қаласы ТЖБ


Возврат к списку