Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағандының Орталық әмбебап дүкенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

13.04.2018
13 сәуірде Қарағанды облысы ТЖ департаменті Қарағанды қ. Орталық әмбебап дүкенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. ОӘД қаладағы адам көп жиналатын ірі сауда объектісі болғандықтан, жоғары дәржедегі қауіпті объектілердің санына кіреді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты сауда үйі  персоналының төтенше жағдай туындаған сәтте  әрекетін бағалау, теориялық білімдерін тәжірибелік дағдыларымен бекіту, өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамын машықтандыру.

Объекті персоналының басты міндеті төтенше жағдай туындаған кездегі адамдарды уақытылы эвакуациялауын және  өртке қарсы қызметті  шақыртуды орындау.

Оқу-жаттығу барысында ТЖД қызметкерлері осы және басқа да  міндеттердің орындалуын бағалады. 

Оқу-жаттығудың тактикалық түпкі ойы бойынша ғимараттың үшінші қабатындағы бутиктерден басталып, жалынның шатырға дейін жетуіне және шатыр элементтерін бүлінуіне әкеп соқты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ОӘД жұмысшылары адамдарды эвакуациялауды орындады.  Аңызға сәйкес ғимаратта бірнеше адам қалып қойды.  Өрт сөндіру бөлімшелері адамдарды іздестіру және құтқаруды ұйымдастырды.  Бір уақытта  жалынды сөндіру және түтінді жою жұмыстары  орындалды.

Оқу-жаттығуға  жеке құрамнан  барлығы 85 адам және  Қарағанды облысы ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінен 21 бірлік техника, сонымен қатар Апаттар медицинасы орталығы филиалының, Жергілікті полиция қызметінің және «ОӘД» қызметкерлерінің күштері мен құралдары тартылды.

Қарағанды облысының аумағында  жоғары дәрежедегі қаупі бар 171 ойын-сауық-сауда объектілері есепке алынды. Тексерістер 2 сәуірде басталды және 30 сәуірде аяқталады.

Бүгінгі күні прокуратура органдарында тіркелген 65 сауда объектілерінде тексерістер өткізілуде, 32 тексеріс аяқталды.

Ірі сауда объектілерінде өртке қарсы тексерістермен қатар, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде.

Оқу-жаттығу аяқталған соң, өрт-құтқару бөлімшелерінің және объекті персоналының іс-қимылдарына баға беріледі.  Сауда ғимарттарының әкімшіліктеріне анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар беріледі.

Оқу-жаттығу барысында анықталған кемшіліктерің бірі өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен бұрын келушілер мен персоналды  эвакуациялаудағы үйлесімділіктің жетіспеушілігі;  оқиға туралы егжей-тегжейлі  ақпараттың ұсынылуы бойынша өрт сөндірушілермен  өзара әрекеттесуі, келе жатқан өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу және т.б.
Қарағанды облысының ТЖД
Баспасөз қызметі

Возврат к списку