Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Нұра ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.03.2018
2018 жылы 13 наурызда Нұра ауданының әкімдігінде аудан әкімі  Н.И. Омархановтың   төрағалығымен  және Қарағанды облысы ТЖД  бастығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д.Күлшімбаевтың қатысуымен  төтенше жағдайларды ескерту және жою бойынша кезекті комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия құрамы, сонымен қатар, аудандық азаматтық қорғау қызметінің бастықтары және аудандық ұйымдардың және кәсіпорындардың басшылары қатысты. 2018 жылғы су тасқынына дайындық туралы бірінші сұрақ бойынша Нұра ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы А.К.Қазбеков баяндамасымен сөз сөйледі.

Су тасқыны болуы мүмкін аймақтардағы ауылдық округ әкімдері тыңдалды.
Қарағанды облысы ТЖД  бастығы  аудандық азаматтық қорғау  қызметтерінің алдағы су тасқынына дайындықтағы жақсы жақтарын көрсетті.Тыңдаудың қорытындысы бойынша комиссия төрағасымен әкімдер мен ұйым басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі Қарағанды облысы  ТЖД басшысымен біріге отырып  Нұра өзені арнасын тазалау және нығайту және Нұра ауылының айналасына қорғаныс дуалдарын тұрғызу   бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді.

Сонымен қатар,И.Д.Күлшімбаевтың жұмыс сапары аясында  ТЖ бөлімінің жеке құрамымен және №39 өрт сөндіру бөлімімен  этика кодексін сақтауға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестендіру бойынша кездесу өткізді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға  қатысты қауіпсіздік жөніндегі брифинг өткізді.
 
Азаматтық қорғау капитаны С. Наскенов,
Нұра ауданы ТЖБ аға инженері

Возврат к списку