Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары

12.03.2018
Күннен күнге ауа температурасы көтеріліп, су қоймаларындағы мұз ери бастады. Су тасқыны мен мұз кету мезгілінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн:
- мұз үстіне шықпау керек. Мұздың қалыңдығы жұқарып, үстінде тұрған адам салмағын көтере алмауы мүмкін;
- балық аулау кезінде су қоймаларына автокөлікпен жүруді болдырмау. 
Бұл мезгілде автожолдарда су деңгеі көтеріліп, таңертең су қоймасының жағасына өте алсаңыз, кешкілік уақытта жолды еріген қар суы басып, адамды қиын жағдайда ұшыратады. Сонымен қоса, елді мекендер арасындағы автожолдарды да су басуы мүмкін. Автокөлік иелері өзіңіздің және жолсеріктеріңіздің өмірлеріне қауіп төндірмеңіз. Су басқан жолмен өтпеңіздер. 
Елді мекендерде қар суы ерігенде үйлерді су басады және осы жағдайға көбінесе, үй иелері өздері айыпты. Бұл жағдайға себеп – еріген қар суын өткізетін бұрып жіберетін арнаның уақытында тазаламауы болып табылады. 
Үй-жайды су басқан кезде жоғары жақтағы қауіпсіз жерге бару керек. 
Үлкендер мен ата-аналар! Су қоймаларында, өзендерде, тоғандарда, шахталық тұндырғыларда су тасқыны мен мұз кету кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Сонымен қоса, еріген қар сулары тереңдігі аздаған ойықтарды, арықтарды толтырады. Балалар ойынмен қызығып, суық суға түсіп кетуі мүмкін. 
Азаматтар! Су тасқыны мен мұз кету мезгілінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! 
Төтенше жағдай орнаған кезде 112 телефон нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Мартынов В.Н.,
 Қарағанды облысы ТЖД ЖҚЖ
Топар к. ҚБ бас құтқарушысы


Возврат к списку