Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жаңалықтар мұрағаты

12.02.2018
Бүгін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде  өрт кезінде  үш баланы құтқарған қарағандылық  Т.Н Закизьяновқа құрмет көрсетілді.
   2018 жылдың  7 ақпанында 12-ші ықшам ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында  орналасқан пәтерде өрт болды. Пәтерде 3 жас бала болған.    Көршілер  өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған және пәтерде балалардың  бар екенін біліп, оларды құтқару шараларына кіріскен.
  3- қабатта тұратын Тахир  далаға кілем лақтырады, оны көршілер қауіпсіздік үшін жайып қояды. Одан кейін Тахир өз балконынан жанып жатқан үйдің балконына шығып, әр жағында  балалар жылап жатқан терезеге дейін жетеді. 2016 жылы туған қызды қолына алып,  3- қабатта күтіп тұрған әйеліне береді. Тахир жанып жатқан үйдің терезесі арқылы шығарған  тағы   2011 жылы туған  екі егіз ұлды   әйелі  ұстай алмаймын деп қорқып, қабылдай алмайды. Сол кезде  батыл ер адам  ұлдарды  созылған кілемнің үстіне лақтыруға шешім қабылдайды. Ұлдар кезек-кезек көршілер тартып тұрған кілемнің үстіне лақтырылады. Үш бала  бей –жай қарамайтын және батыл көршілердің арқасында құтқарылды.
 Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі  И.Д Күлшімбаев Закизьянов Тахир Наильевич  пен  оның жұбайы  Таушиева Айгүл Болатовнаға  балаларды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін алғыс хат және бағалы сыйлық табыстады.
 «Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің атынан сіздің ерлік ісіңіз үшін үлкен  алғыс айтқым келеді. Біздің облыс тұрғындарының арасында қиын уақытта өз өмірін қауіпке тіге отырып, отандастарымызға көмектесуге дайын осындай батырларымыздың бар екеніне қуаныштымыз. Сізге зор денсаулық пен отбасылық бақыт тілейміз!»,- деп Қарағанды облысының ТЖД бастығы И.Д Күлшімбаев атап өтті.
Ерлігі үшін Т.Н Закизьянов ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ведомствалық марапатына ұсынылады. Н.Т Закизьянов жұмыс істейтін  «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС басшылығына  балаларды өрттен құтқарғаны үшін марапаттау өтініш хаты жолданды.


                                Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі
 

Возврат к списку