Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жаңалықтар мұрағаты

11.01.2018

Ауа райының күрт өзгеруінен автожолдардағы оқиғалар саны артуда. Өткен түннің өзінде Қарағанды облысының құтқарушылар күшімен  автожолдарда 20 адам құтқарылды.

Сағат 00:19-да Ұлытау ауданының  3 км қашықтықта орналасқан «Ұлытау кенті – Аманкелді ауылы» жергілікті тас жолында қар құрсауында қалып қойған көліктен  ТЖ департаменті бөлімшесінің күшімен 4 адам құтқарылып, Ұлытау кентіне жеткізілді.

Осыған ұқсас жағдай сағат 00:50-де  «Жезқазған қаласы – Ұлытау кенті» автожолының 5 км орын алды. Жергілікті атқарушы органдардың  және құтқарушылардың күшімен қар құрсауында қалған 3 жеңіл көліктен 5 адам құтқарылды.

Сағат 01:57-де Абай ауданының «Абай қаласы – Мичурин ауылы» жергілікті автожолының 5 шақырымында қар құрсауында қалған 3 жеңіл көліктен кұтқарушылар 6 адам құтқарып, Абай қаласына жеткізді.

Сағат 02:14-те Шет ауданына қарасты «Ақсу-Аюлы – С.Сейфуллин» жергілікті жолының 15 шақырымында  ТЖД бөлімшелерінің күшімен 2 адам құтқарылды, жол бойында қалған бір бірлік техника жолдың қауіпсіз учаскесінде шығарылды.

Бұдан бөлек,  сағат 04:24-те «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 946 шақырымында техникалық ақауларына байланысты тоқтаған микроавтобустан құтқарушылар бір адамды Қарағанды қаласына жеткізді.

Өткен түннің өзінде «112» нөміріне анықтамалық-консультациялық сипаттағы, сондай-ақ ТЖД негізгі қызметі бойынша (көшіру, құтқару және т. б.) 1000-ның аса қоңыраулар келіп түсті.

Еске сала кетейік, 9 қаңтарда облыстың аумағында 10-11 қаңтарда желдің  күшеюі және бұрқасын туралы дауылды таратылған.

Ауа райының күрт өзгеруінен  10 қаңтарда сағат 22:00-ден бастап  «Теміртау қаласы - Ақмола облысының шекарасы» бағыты бойынша, 11 қаңтарда сағат 01:00-ден бастап «Жезқазған қаласы – Атасу кенті» бағыты бойынша барлық автокөліктер үшін жол жабылды. Ал сағат 08:20-дан бастап Қарағанды облысының барлық бағыттары бойынша автокөлітердің барлық түрлері үшін автожолдары жабық. 

Халыққа алыс жерлерге жолға, әсіресе түнгі уақытта және ауа райы нашарлаған жағдайда шықпауға кеңес береміз.

ТЖД бөлімшелері жоғары жауынгерлік дайындықта тұр. «112» біріңғай кезекші-диспетчерлік қызмет, 36 өрт сөндіру және 7 құтқару бөлімшелері, шұғыл әрекет ету бригадасы және 7 жолдық медициналық-құтқару пункттері тұрақты дайындықта.

Қарағанды облысы ТЖД  баспасөз қызметі

Возврат к списку