Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысында шомылу маусымына дайындық жалғасуда

21.05.2020
21 мамырда Қарағанды облысының ТЖД шомылу маусымына дайындық бойынша көшпелі брифинг өткізді. Спикер болып ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов сөз сөйледі. 
Қарағанды облысында суға шомылу маусымына дайындық іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылуда.
Федоров су қоймасында сүңгуір-құтқарушылар шомылуға арналған орындардың түбін тексеру жұмыстарын жүргізді. Осындай дайындық шаралары суға шомылу маусымы басталар алдында облыстың барлық аумағында демалыс орындары иелерінің өтінімдері бойынша өткізіледі. Жағажай акваториясын тексеруді ТЖД құтқарушылары немесе сүңгуір жабдықтары мен су астында жұмыс жүргізуге арналған жабдықтары бар басқа да ұйымдар жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінен бастап ТЖД барлық суда құтқару бөлімшелері жоғары дайындық жағдайына келтірілді. Бөлімшелер арнайы авариялық-құтқару техникасымен, жүзу құралдарымен, сүңгуірлік құрал-жабдықтармен, жанар-жағар май қорымен жабдықталған: 25 бірлік автомобиль техникасы, 42 құтқару катері мен қайықтары, 50 астам гидрокостюмдер және т. б.
2019 жылы облыс әкімдігінің «Қарағанды облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында бұқаралық демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» қаулысымен 83 көпшілік демалатын орын анықталып, жеке иелеріне бекітілді. Осы қаулыны ТЖД Табиғи ресурстар басқармасымен бірлесіп республиканың салалық ведомстволарымен келісе отырып әзірледі.
Қазіргі уақытта жергілікті өкілетті органның шешімімен бекіту үшін шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару және шағын кемелерде жүзу жүзеге асырылмайтын 271 орынды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін 144 рейд және 848 патрульдеу өткізілді, 7000 буклет пен үнпарақ тапсырылды.
Демалуға және шомылуға арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелерде 101 тыйым салу белгісі орнатылған (2016 жылдан бастап барлығы 1100-ден астам белгі орнатылған).
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес су айдынындағы демалу орыны: 
- құтқару бекетімен;
- тереңдігі 1,2 метрден аспайтын балалардың шомылуына арналған учаскемен;
- дауыс зорайтқыш құрылғылармен және телефон байланысымен;
- алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған кезекші медициналық персоналы бар, қажет аспаптармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген үй-жаймен;
- қарау мұнарасымен жабдықталуы тиіс.
Алдағы суға шомылу маусымы қайғысыз өту үшін облыс тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу маусымына ерекше көңіл бөлуге шақырамыз. 
Су айдынында демалу орындарында болғанда:
- мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
- қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге; 
- жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- су айдындарын ластауға және қоқсытуға;
- жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
- жалған дабыл беріп айғайлауға; 
- техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.
Қажет болған жағдайда кәсіби көмек қамтамасыз етілетін жерлерде шомылуға кеңес береміз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку