Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жаңалықтар мұрағаты

21.05.2020
Суға түсу науқанының басталуына байланысты, Ұлытау ауданының ТЖ бөлімі, Жергілікті полиция бөлімі, Сатпаев қалалық құтқару бөлімшесі аудан тұрғындарына және әсемде көрікті табиғатымызды тамашалауға келер демалушыларға, суға түскен кезде өздеріне және балаларына аса мұқият болуға шақырады.
    Суға бату салдарынан болған кісі өлімдері себептерінің сараптамасы бойынша, суға кеткен азаматтардың жартысына жуығы ережелерді сақтамағандарынан, үштен бір бөлігі алкоголь ішімдіктерін ішкендер болса, ал қалған бөлігі балалар.      
    Осы жағдайларға байланысты келесі қарапайым суға түсу ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз :
  - жүзу білмесең, белден асатын суға түспеңіз;
  - алкогольді ішімдік ішіп немесе көп мөлшерде тамақ ішіп суға түспеңіз;
  - өзіңізге белгісіз жерлерге түспеңіз;
  - балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
  - жағадан алыс жүзіп кетпеңіз;
  - түнгі уақытта суға түспеңіз;
  - жүзу білмесеңіз, үрмелі матрасқа сене бермеңіздер;
  - тақтайша, автокөлік камераларын тағы басқа осы секілді суға жүзуге арналмаған заттарды суға түскен кезде қолданбаған жөн.
  - қайықпен жүзуге шыққан кезде құтқару белдігі мен жилетсіз шығуға, қайықта бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір қайықтан екінші қайыққа өтуге, қайықтың үстінен суға сүңгуге, 14 жасқа дейінгі балаларға үлкен кісілерсіз қайықпен жүзуге тыйым салынады.
    
ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ СУДА ЖӘНЕ ЖАҒАДА ӘРТҮРЛІ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДЕН САҚТАНУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗДАР.
АДАМДАРДЫҢ СУҒА ТҮСУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ – СУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ!!!
Ұлытау ауданы ТЖ
бөлімінің инженері
азаматтық қорғау лейтенанты                                           Қ. А. Шайхыспаров 
                                                                                

Возврат к списку