Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағандыда құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаларды босатты

19.05.2020
Құтқарушылар үшін кішкентай балалардың есіктерін ашу қарапайым нәрсе. Көп жағдайда ерікті немесе кездейсоқ «қамау» ересектердің қадағалауына байланысты болады.
Жақында осындай жағдай Қарағандыда Язев көшесінде болды. Анасы  кіреберіске шықты, ал сәби оның артындағы құлыптың қақпағын жауып қойған. Есікті ашуын өтінген ананың айтқанын орындай алмағандықтан, әйел құтқару қызметіне қоңырау шалды.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Анасына тұрғын үйге кіруге көмектесу үшін құтқарушылар пәтерге балконның терезесінен автобаспалдақ арқылы кірді.
Тағы бір оқиға 12 мамырда Гапеева көшесінде болды. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін көрші шақырды. Құтқарушылар автобаспалдақтың көмегімен балконға көтеріліп, есікті ашып, қызды үйге кіргізді. Ал, пәтерде үш жасар тағы бір бала болды.
Құтқарушылар мұндай оқиғаның жиі кездесетінін айтады.
«Балалар есіктің артында қалатын жағдайлар жетерлік. Егер сіз пәтерден шыққыңыз келсе, есік жабылмауы үшін барлық шараларды қабылдауыңыз керек. Өзіңізді құтқару қызметіне хабарласудан сақтаңыз», - дейді Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Мамандандырылған жасақтың бастығы Васьковский Дмитрий. 
Қуанышқа орай, барлық құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, барлық балалар ата-аналарына аман-есен жеткізілді.
Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері үйлерге кіру бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын күн сайын жүргізеді.
Жыл басынан осындай 186 құтқару операциялары  өткізілді, оларда 204 адам құтқарылды, оның ішінде 78 бала.
Көбінесе құтқарушыларды шақыруға медициналық көмекке мұқтаж жалғыз қарт адамдар мен пәтерде қалған кішкентай балалар себеп болады.
Қарағанды облысының ТЖД жалғыз тұратын қарт туыстары бар барлық азаматтарға ұсынады. Есіктің ішкі жағынан ғана ашуға болатын кез келген ысырмалар мен ілмектерді алып тастау керек. Бұл механизмдер сізге және, қажет болған жағдайда жедел қызметтерге пәтерге кіруді қиындатуы мүмкін. 
Ал кішкентай балалары бар адамдарға есіктерде тек кілттің көмегімен ғана жабуға болатын құлыптарды орнатуға кеңес береміз.
Есікке күтім керек екенін ұмытпаңыз. Топсаларды мезгіл сайын тазалау және майлау жөн, ал егер ақаулар болса, құлыптың немесе есікті ашып-жабуда қиын болса, дереу шеберді шақырыңыз.
Ескертеміз! ТЖД бөлімшелері есіктерді ашуды тек шұғыл жағдайда, адамның өміріне қауіп төнген кезде жүзеге асырады. Өмірге қауіп төніп тұр деп пәтер ішінде кішкентай баланың, қарт адамның, мүгедектің, басқа да  есікті өз бетінше аша алмайтын адамның болуы түсініледі. Сонымен қатар, қосылу түрінде қалған электр құрылғылары, газ қондырғылары, жылыту құрылғылары - барлығы өрт немесе жарылу болуына себеп болуы мүмкін.

Нұрайым Кенжехан,
Қарағанды облысы ТЖД баспаөз қызметі

Возврат к списку