Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Балқаш қаласында азаматтық қорғау күніне орай интерактивті сабақ өткізілді

13.02.2020
      Қарағанды облысының білім басқармасы мен ТЖ департаментінің бірлескен жоспарына сәйкес 2020 жылдың 12 ақпанында Балқаш қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ және Балқаш қаласының құтқару бөлімшесі ЖҚЖ «ӨСҚжАҚЖ» ММ бірлесе отырып, Балқаш қаласының №3 жалпы білім беретін мектеп базасында «1 наурыз – азаматтық қорғау күні» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.        
     Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері капитан А.М. Болатов су тасқыны кезеңінде, жұқа мұзда сақтық шараларын, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарынан балалардың құлауына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында ережелер түсіндірді. 
    Балқаш қ. құтқару бөлімшесінің қызметкері аға медбике  Б.С. Абжанова ТЖ туындаған кезде зардап шеккенге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша манекенде практикалық іс-әрекеттерін көрсетті. 
    Сондай-ақ азаматтық қорғаныс тобының офицері лейтенант А.С. Джомабаев, газ, электр құралдары және т.б. тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін жеткізді, «Darmen» атты мобильді қосымшасы туралы, «Баршаның назарына!» бірыңғай дабылы бойынша және ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша ережелерін жеткізді.
   Сабақтың мақсаты оқушылардың алдағы каникулдық кезеңдегі әртүрлі қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. 
Интерактивті сабақ барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
Балқаш қаласының 7-9 сынып оқушылары арасында интерактивті сабаққа қатысқан жалпы білім беру мектептердің жалпы саны 17, қатысқан оқушылар саны 382.

Балқаш қ. ТЖ Басқармасының
АҚ тобының офицері
лейтенант Джомабаев А.С.


Возврат к списку