Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Су тасқыны кезінде қалай әрекет жасау керек

13.02.2020
  -Су тасқыны қаупі туындағанда және қауіпсіз жерге көшіру туралы дабыл берілгенде, кідіріссіз, белгіленген тәртіппен апат болуы мүмкін қауіпті аймақтан шығып тағайындалған қауіпсіз аймаққа бару немесе жергілікті жердегі биіктеу учаскеге шығу керек. Көшірудің соңғы нүктесінде тіркеліңіз;
    -Үйден шығар алдында электр мен газды сөндіріңіз, жылыту пештеріндегі отты өшіріңіз, үй сыртындағы барлық суға ағып кететін жүзбелі заттарды бекітіңіз немесе қосалқы үй-жайға орналастырыңыз;
   -Ұйымдасқан түрде көшіру болмаған кезде, көмек келгенге дейін немесе су қайтқанша үйлердің жоғарғы қабаты мен төбесіне немесе басқа биіктеу жерлерге шығыңыз. Бұл ретте тұрақты түрде: күн жарық кезде жақсы көрінетін матаны ағашқа іліп қойып немесе қайта-қайта бұлғап, қараңғы түскен кезде жарықтандыру дабылымен және ауық-ауық дауыстап дабыл беріп отырыңыз;
   -Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған, су деңгейінің көтерілуі жалғасқан және жоғарғы қабаттарды (үйдің төбесін) су басу қаупі туындаған кездерде ғана су басқан ауданнан өз бетімен шығуға кеңес беріледі;
  -Құтқарушылар келген кезде тыныштық сақтап, дүрлікпей және әбігерленбей қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзу құралдарына отырыңыз. Қозғалыс кезінде белгіленген орынды тастап кетпеңіз, бортқа отырмаңыз, экипаждың талабын қатаң сақтаңыз;
  -Бұл ретте сенімді жүзу құралы болуы қажет және бағытты білу керек. Өз бетімен қозғалу барысында апаттық дабыл беруді тоқтатпаңыз. Суда жүзіп жүрген немесе суға батып бара жатқан адамдарға көмек беріңіз.
  - Терезелер мен есіктерді жабыңыз, егер уақыт болса – бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтайлармен (қалқандармен) жауып тастаңыз. Қораны ашыңыз – малға қашуға мүмкіндік беріңіз;
   - Су ағындарынан аулақ тұрыңыз. Олар тіпті қауіпсіз болғандай көрінсе де, ағын жылдамдығы шынында көрінетіндегіен жоғары болуы мүмкін;
  - Суға түскенде ауыр киім мен аяқ киіміңізді шешіп тастаңыз, көмек алғанға дейін жақын маңда қолдануға болатын заттарды табыңыз.

Возврат к списку