Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жаңалықтар мұрағаты

29.11.2019
29 қараша Қарағанды облысы Төтенше Жағдайлар Департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасымен бірлесе отырып, қысқы маусымдағы қауіпсіздік ережелері тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. Онлайн сабаққа облыстың барлық мектептері қатысуға мүмкіндік алды. Сабаққа тікелей қатысуға №62 мектептің 9-10 сынып оқушылары шақырылды.
Сабақтың басты тақырыптары: үй жағдайындағы және қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі ережелері. ауа-райының қолайсыз жағдайларында сабақтың тоқталатындығы туралы хабар тарататын Дармен мобильді қосымшасы таныстырылды.
Қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі ережелері тақырыбында Апаттар қаупін азайту және азаматттық қорғаныс басқармасынң бас маманы Наталья Еременко сөз сөйледі."Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң ұстанған жөн,кері жағдайда төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. сол себепті қауіпсіздік техникасымен толығымен танысып, еш уақытта естен шығармау керек".
Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Бахтияр Марлен мен Алдонгаров Нурсултан Үсік шалу жағдайларының алдын-алу, жұқа мұз астына түсіп кеткен жағдайдағы іс-қимылдар, төмен температура уақытында қауіпсіздік техникасы барысын түсіндіріп, ескертпелер жасады.
МҰнан бөлек Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері мен оқу аяқтағаннан кейінгі міндетті жұмыспен қамту бағдарламасын таныстырды.
Сабақ барысында «Darmen» мобильді қосымшасы таныстырылды. Дарменнің басты мақсаты - дауылды гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіптілік қатерлері, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы халықты уақтылы хабардар ету. Сонымен қатар, қысқы кезең басталғаннан кейін аталған қосымша мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
Онлайн сабақ 72 мектеп, 1800 оқушыны қамтыды. Сұрақ-жауап түрінде өткен интерактивті сабақ, оқушылардың маңызды деп тапқан сауалдарының айтылуымен ерекшеленді. Мұндай сабақтар оқушылардың танымын тереңдетіп, төтенше жағдайлардың орын алмауына ықпал етеді.

    

                                                        Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Кузнецов.А.В

Возврат к списку