Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Балық аулау әуесқойларының назарына

29.11.2019
Суықтың келуімен және Балқаш көлінде мұздың пайда болуы кезінде Балқаш қ.ТЖ басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының офицерлері қыс мезгіліндегі оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында, сонымен қатар мұздағы қауіпсіздік шараларын және жүріс-тұрыс ережелерін сақтау мақсатында қаланың балық аулау және аң аулау дүкендерінің иелерімен алдын алу әңгіме өткізіп, тұрғындар мен мұз астында балық аулау әуесқойлар арасында тарату үшін 3 түрлі ұсыным жадынамалар тапсырылды.
Балқаш қ. ТЖ басқармасы ескертеді:
- су айдыны мұз үстімен өткен кезде төселген жолдарды пайдалану керек, ал олар болмаған жағдайда мұздың беріктігіне көз жеткізу керек;
- мұз үстімен жүру кезінде қауіпті жерлерді, қалың қар қабатымен жабылған  учаскелерді айналып өту керек және су тез ағатын жерлерде, бұлақтар бұталардың, шөптердің бетіне шығып, су айдынына құятын сарқынды сулар мен т.б. құйылатын жерлерде аса сақ болу керек;
- мұзда қауіпсіз өту үшін, мұздың жасыл реңкті және қалыңдығы кемінде 7 см болу керек;
- мұз үстімен өту кезінде топпен 5-6 метр қашықтықта бір-бірінің артында жүру және апатқа ұшырағандарға дереу көмек көрсетуге дайын болу қажет;
- балық аулау кезінде шектеулі алаңда көп шұңқыр қазуға және үлкен топтармен жиналуға болмайды.
Әрбір балықшыда ұзындығы 12-15 метр бау түріндегі құтқару құралы болуы керек, оның бір ұшында салмағы 400-500 грамм жүк бекітілуі тиіс, ал екіншісінде ілмектер дайын болуы тиіс.
Балық аулауға жиналатын кезде ауа райын, желдің күші мен бағытын білу қажет. Егер жоспарланған балық аулау орнында желдің бағыты «қысқыш» болса, онда жағадағы дәнекерден мұз алаңдарының үзілу ықтималдығы өте жоғары.
Балықшының балық аулауға кетіп немесе кетіп бара жатқан кезде өз жақындарын қай жерге баратыны және қай уақытта, қай жерден оны күтетіні туралы ескерту қажет. Бұл мәліметтер кез келген оқиға болған жағдайда іздеу кезінде пайдалы болуы мүмкін.


Балқаш қ. ТЖБ
Азаматтық қорғаныс тобының офицері
лейтенант А.С. Джомабаев

Возврат к списку