Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жезқазғандағы өртті сөндіру бойынша түсіндіру

29.11.2019
27 қарашада сағат 12:37-де Жезқазған қаласында Балочная көшесі, 35 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 жасағының күштері мен құралдары жіберілді.
Өрт орнына дейін жүру уақыты 2 минутты құрады.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатты.
Өрт сөндірушілер электр энергиясын өшіруді күтуге мәжбүр болғандықтан,  бірден өртті сөндіруге кірісе алмады. Тұрғын үйді электр қуатынан ажыратқан сәтке дейін жауынгерлер барлау жүргізді - үйге газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 буыны жіберілді.
Өрт сөндіруге 3 автоцистерна мен жеке құрамның 14 адамы жұмылдырылды. Өртті сөндіруді №2 жасақ бастығы Б. Е. Құдайбергенов басқарды.
Өрттің жалпы аумағы 105 шаршы метрді құрады. Шатырдың ағаш торы, жабыны, жиһаз, тұрмыстық техника, бөлме аралық қалқа, қаптау, жылытқыш, есік және терезе блоктары жанды.  
Өртті сөндіруге барлығы 88 минут кетті.
Қабылданған шаралармен көршілес ғимараттарға оттың таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку