Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысының ТЖД қыс кезеңінде қауіпсіздік жөнінде брифинг өткізілді

28.11.2019
28 қарашада Қарағанды облысының ТЖД «Қыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өтті. Спикерлер болып ТЖД бастығының орынбасарлары Біржан Телманұлы Кәрімов және Қатпанов Мұрат Қасенұлы сөйледі.
Жылыту маусымы басталысымен тұрғын үй секторындағы өрт санының өсуі, сондай-ақ өрттерде және улы газбен уланып адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы ерекше алаңдаушылық туғызады.
2019 жылдың басынан Қарағанды облысының аумағында 1449 өрт оқиғасы болды, онда 26 адам қаза тапты, 26 адам жарақат алды. Негізгі өрт саны тұрғын үй секторында болды, бұл 901 өрт. Тұрғын сектордағы өрттердің өсуі жылыту маусымында орын алады. Осы кезеңде өрттердің негізгі себептері: электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу, пештерді және тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану және орнату кезіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ отты абайсыз пайдалану.
Жылыту маусымының басынан - 1 қыркүйектен бастап тұрғын секторда 275 өрт тіркелді, онда 8 адам қаза болып, 6 адам жарақат алды. Сонымен қатар, пештің ақауы мен дұрыс пайдаланылмауы салдарынан әр түрлі дәрежедегі улы газбен улану салдарынан 8 адам, оның ішінде 6 бала зардап шекті.
Өрттің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында облыстың ТЖ департаменті халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Жылыту кезеңі басталғаннан бері жеке сектордағы үйлерді 27 мыңға жуық аула аралау жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 90 мыңнан астам адамға нұсқау берілді. Көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен 4000 адамды қамти отырып, 275 жиналыс өткізілді.
Өткен 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына түтін датчиктері мен  улы  газ датчиктері орнатылуда. Барлығы 1440 датчик орнатылды. Сондай-ақ түтін жолдарын тазалау және жылу және электрмен жабдықтау жүйелерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қысқы кезеңде үнемі өткізілетін алдын алу іс-шараларына қарамастан, өрттерді сөндіруден басқа ТЖД бөлімшелері автожолдарда құтқару жұмыстарын, дала аумақтарында және су айдындарында іздестіру-құтқару операцияларын белсенді жүргізуде.
Осы жылдың алғашқы қыс айларында біздің бөлімшелеріміз авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 37 шығулар өткізді, онда 64 адам құтқарылды және 100 адам эвакуацияланды, 18 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. Өткен күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында 4 адам (балықшылар) қаза болды.
Спикерлер су қоймаларына шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және жабдықталмаған жерлерде көлікте мұзға шығу қаупі туралы еске салды.
Дауылды ауа райы кезінде, ақаулы жүзу құралдарымен және жеке құтқару құралдарынсыз суға шығуға, қатаймаған мұзға, тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде шығуға қатаң тыйым салынады.
Облыс аумағында 614 автожол учаскесі қар құрсауына ұшырауы мүмкін.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 390 жылыту пункті анықталды (Жол-пайдалану басқару объектілері және жол бойындағы сервис объектілері: ЖМС, Кемпингтер, қонақ үйлер, тамақтану пункттері және т.б.). Трассаларда орналасқан 7 күре жолдық медициналық – құтқару пункті тәулік бойы дайын.
Температураның төмен болуы, жолдардың қары мен көктайғақта қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін мүмкіндігінше жол жүруден бас тарту; көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда орташа жылдамдықты таңдау ұсынылады.
Жүргізушілер автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалауы керек, автокөліктің жарамдылығын мұқият тексеруі қажет. Ауылдық жерлерде тұратын халыққа метеожағдайлар нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу саяхаттардан бас тарту керек.
Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтары үшін «Darmen» мобильді қосымшасын ұсынды, онда дауылды гидрометеорологиялық құбылыстар, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы ақпарат жедел орналастырылады.
Сонымен қатар, аталған қосымша ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын мектептерде сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
«Darmen» мобильді қосымшасы «Playmarket» және «Appstore» - ге жүктеу үшін қолжетімді.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі


Возврат к списку