Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жылыту кезеңінде өрттердің алдын-алу бойынша шаралар жалғасуда

10.09.2019
Күздің суық күндері де басталды, тұрғындар өз баспаналары мен жұмыс орындарын белсенді түрде  жылыта бастады.

Бірақ, егер өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері сақталмаса,  үй-жайды жылыту қауіпсіз бола бермейді.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде. Профилактикалық акция барысында тұрғындармен кездесулер, жиындар, әңгімелесулер өткізіліп, үгіт-насихат материалдары таратылады. Өртке қарсы айлықтың басынан барлығы 7000-нан астам адамға нұсқау берілді.
Түсіндіру іс-шараларымен облыстың барлық өңірлері қамтылған.
Қарағанды облысында жүйелі жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үй секторындағы өрттер саны 12,8% - ға төмендеді. 
Сонымен қатар, түтін датчиктері мен тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда. Айлық кезеңінде мүгедектер бар көп балалы отбасылар мен отбасыларда 93 датчик орнатылды.
Бірақ ауқымды үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, «жылыту» сипатындағы оқиғалар жалғасуда.
9 қыркүйекте Қарағанды қаласында пештің ақаулығынан улы газбен уланып, 2005 және 2011 ж. т. әйел және екі бала ауруханаға жатқызылды. 
2019 жылдың басынан бастап Қарағанды облысында пештің ақаулығы салдарынан улы газбен уланудан 5 адам, оның ішінде 2 бала қаза тауып, 10 адам жарақат алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы пешті орнату және пайдалану ережелерін бұзу себебінен 136 өрт болды, онда 1 адам қаза болды, 2 адам жарақат алды.

Электр жабдықтары мен электр құралдарын монтаждау мен пайдаланудың бұзылуына байланысты 382 өрт тіркелді, онда 8 адам қаза болды, 5 адам түрлі жарақат алды.

Қарағанды облысының ТЖД Жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді. 
Жылыту жүйесін пайдаланар алдында түтін жолдарын тексеру, тазалау, пеш жабдығының бүтіндігін тексеру, жарықтарды жою қажет. 

Тек қана жарамды электр жылыту құралдарын пайдалану керек, желіні шамадан тыс салмау керек.
 


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку