Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Теміртауда өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

10.09.2019
«2019-2020 жж. жылыту кезеңінде тұрғын секторындағы өрт профилактикасын өткізу іс-шаралары» аясында Теміртау қ. ТЖБ қызметкерлері өрт сөндіру бөлімшелерімен және еріктілермен бірлесе отырып тұрғын секторда профилактикалық жұмыс өткізуде. Іс-шара барысында қызметкерлер жылыту кезеңіндегі жылыту пештерін қолдану және электр жылытқыш аспаптарды пайдалану бойынша жадынама тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ТЖ қызметкерлері ескертеді, қатты отынды автономды жылыту жүйесі бар тұрғын секторында тыйым салынады:
жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға;
қатты отынды пештерді қыздыру үшін тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;  
жанып тұрған пештің ауызын ашық қалдыруға;
пешті шамадан тыс қатты қыздыруға;
жанғыш материалдарды пеш үстінен және түтін құбырынан 0,5 метрден кем қашықтықта кептіруге және т.б.
Пәтерді электрлі жылытқыштар арқылы жылыту кезінде өндірістік әдістпен жасалған, дұрыс жұмыс күйіндегі және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай жылытқыштарды пайдалану маңызды фактор болып табылады. Жылытқышты кептіргіштің орнына қолдануға тыйым салынады, жылытқышты қосулы күйінде түні бойына және үйден шығарда тіптен, қалдыруға болмайды. Электрлі жылытқыштар жанғыш материалдардан 1м-ден кем емес қашықтықта орналасуы керек: перделерден, жиһаздан, басқа да ұсақ және үлкен тұрмыстық техникалардан және т.б. Үй-жайларды жылыту үшін қолдан жасалған жылытқыштарды пайдалануға тыйым салынады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыздар «112», «101».

Теміртау қ. ТЖБ


Возврат к списку