Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Теміртау қаласында символикалық «Өмір– Құтқару шеңбері» эстафетасын табыстау бойынша акция өтті

19.08.2019
«Өмір – Құтқару шеңбері» республикалық эстафетасын Қарағанды облысының құтқарушылары Павлодар облысының әріптестерінен қабылдады. Бір апта ішінде эстафетаның басты атрибуты – құтқару шеңбері – облыстың қалалары мен аудандары аралап өтеді.
Теміртау қаласының «SOS Балалар ауылы» аумағында су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын алу мақсатында Бұқар жырау ауданының төтенше жағдайлар бөліміне символикалық «Өмір – құтқару шеңбері» эстафетаны табыстау бойынша акция өткізілді.

Акция барысында балалар мен ересектерге судағы қауіпсіздік ережелерін, республика, облыс және қала көлемінде адамдардың қаза болуы туралы статистика жеткізіліп, құтқару жабдықтары мен сүңгуір жарақтарының көрмесі ұйымдастырылды.

«SOS Балалар ауылы» тәрбиеленушілеріне және басқа да акцияға қатысушыларына суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар таратылды.
Өткізілген іс-шарада Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, құтқару бөлімшесінің және Бұқар жырау ауданының төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Возврат к списку