Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Мамандығын шексіз сүйетін азамат!

16.08.2019
«Құтқарыңдар! Көмектесіңдер!»-деп жан дауысымен айқайлаған әйелді көргенде жүрегім зу ете қалды. Мен балаларыма қарап отырған едім. Дауыс шыққан жаққа жетіп бардым. Бассейн бетінде үрмелі құрал қалқып тұр, бірақ үстінде бала көрінбейді. Еш ойланбастан суға кіріп, бассейннен баланы алып шықтым. Судан шығарған мезетте дауысы шықпады, су жұтып қойса керек, аударғанда ғана бала жылап жіберді. Шамамен 2 жастағы ұл бала. Баланы анасына тапсырып, жан-жағыма қарасам, айналамда қаншама адам тұр, арасында ер азаматтар да бар. Су терең емес, көп болса 1,3 м шығар, яғни ересек адам суға кірсе белінен келеді. Не себепті бәрінің қарап тұрғандарын түсінбедім,- деп демалыс күндегі оқиғасымен Жедел кезекшінің көмекшісі Нұрдәулет бөлісті. 
«Алые паруса» атты демалыс орнына отбасыммен екі ұлым  Нұрислам мен Жантөрені ертіп барғанмын. Оқиға орнында бірнеше сағат бұрын өзіміз де шомылған едік. Мен батырлық танытып, ерлік жасадым демеймін, бар болғаны кірдім де алып шықтым.
Несіпбайұлы Нұрдәулет азаматтық қорғау органында 2009 жылдан бастап қызметте. Қарапайым өрт сөндіруші болып бастаған аға лейтенант Нұрдәулеттің өмір атты естелігінде қаншама құтқарылған жандар мен үйлер бар. Былтыр да Балқаш көлінен бір жігітті алып шығып дәрігерлерге дер уақытында табыстап, өмірін арашалап қалған. Бұл айтылған оқиғаларды мен кездейсоқ қызметтес достарынан естіп барып жазып отырмын. Өзін сөзге тартқанда қазақи ұяңдылыққа басып, ашып-жарып ештеңе айта қоймады. Бұл көп өрт сөндірушіге тән қылық, батырлық танытса да, жәй ғана «бұл менің жұмысым ғой» деп тасада қалады. Алысқа бармай, биыл қыста өзім куәгер болған өртті қысқаша айтып берейін. Ержанова көшесінде тоғыз қабатты үйдің жанындағы «Хан» кафесінің жертөлесінен Нұрдәулет №1 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері Бауыржан Макашев және Көрпеш Қалықбаев үшеуі, ашық оттың аузынан, 50 л көлемді 7 газ баллонын алып шыққан. Сәттілік шынымен серіктес болғандай, себебі сәл уақыт кешіккенде, жарылатын еді. Оқиға басқаша өрбігенде, тек үш өмір ғана үзіліп қоймай, тоғыз қабатты үйдің тұрғындары да қыл үстінде қалар еді. 
- «Бірақ, мен сол сәтте қорыққан жоқпын, еш ойланбастан кірдім де кеттім. Жігіттерден де қорқыныш байқаған жоқпын, соңына дейін бірге ілесіп алып шықтық. Кейін бөлімге келіп қана, өмірімді тәуекелге тіккенімді түсіндім».
Әр құтқарылған адам, өшірілген өрттің артында бір белгісіз батырдың бары һақ. Олар мамандығын шексіз сүйген, қиындыққа төзімді жігіттер! Бүгінгі оқиғаның кейіпкері тек солардың бірі ғана!    

Тотия Енсебаева

Возврат к списку