Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарқаралы ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда

15.08.2019
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ТЖ департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаевпен бірге Қарқаралы ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған өрт ошағын аралап шықты.  

Аймақ басшысы шұғыл штабта болып, Айнабұлақ ауылындағы өрістетілген сапардың қорытындысы бойынша кеңес өткізіп, өртті ең қысқа мерзімде оқшаулау және жою үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдауды тапсырды. Ол үшін барлық қажетті мүмкіндіктер мен арнайы техника бар. 
– Міндет-бүгін және ертең өрт ошақтарын оқшаулау, яғни өрттің таралуын тоқтату. Қажет болса, оған қосымша күш, техника тартыңыз, - деді Ерлан Қошанов.

Ол сондай-ақ қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. 
Бақты орман шаруашылығы аумағында өртті сөндіруге ТЖ департаментінің, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қу шаруашылығының, ерікті өртке қарсы құралымдардың, жергілікті атқарушы органның, жергілікті полиция қызметінің, ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

Өрт орнында барлығы 240 адам және 34 техника жұмыс істейді. Оқиға орнына ҚР Ұлттық Ұланның «Орталық» ӨҚ 52852 ә/б әскери қызметшілері 85 адам мен 6 бірлік техника келді. 
Өртті жою жұмыстары жер үсті және әуе тәсілдерімен жүргізіледі.

«Қазавиаорманқорғау» тікұшағында өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында өрт аймағы мен оған іргелес аумақты аралау жүргізілуде. 

Өрттің жалпы ауданы шамамен 2500 га құрайды, өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, түтінмен, күшті және ауыспалы желмен күрделенді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку