Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Табиғи өрттер бойынша ақпарат

13.08.2019
Ағымдағы жылы қалыптасқан ыстық және желді, жауын-шашынсыз ауа райы табиғи өрттер санының өсуіне ықпал етеді. Өрт қауіпті кезеңнен бастап Қарағанды облысында 333 (2018 жылы – 109) өрт және дала алқаптарында құрғақ шөптің жануы тіркелді. Жалпы ауданы 16 мың га (3393 га). Барлық өрттер уақытылы жойылды. Оттың егіске көшуіне жол берілген жоқ.

44 жану жағдайы Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің күшімен жойылды. 222 өрт мемлекеттік өртке қарсы қызметтің және ерікті өртке қарсы құрылымдардың бірлескен күшімен жойылды. 82 өрт ерікті құрылымдармен өздігінен сөндірілді.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау, Ұлытау, Абай, Қызылқоға және Қарқаралы аудандарында 5 дала жануы бақылауда.
44 жану жағдайы Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің күшімен жойылды. 222 өрт мемлекеттік өртке қарсы қызметтің және ерікті өртке қарсы құрылымдардың бірлескен күшімен жойылды. 82 өрт ерікті құрылымдармен өздігінен сөндірілді.

Қазіргі уақытта Бұқар жырау, Ұлытау, Абай, Қызылқоға және Қарқаралы аудандарында 5 дала жануы бақылауда.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде дала өрттері мен өрттерге ден қою үшін жергілікті атқарушы органдар 495 ерікті өртке қарсы құралымдар (7750 адам) құрылды, олардың жарақтарында 1874 бірлік өрт және бейімделген автотехника, сондай-ақ 83 бірлік өрт сөндіру мотопомпалары бар. 

12 тамыз күні сағат 17:26-да Қарқаралы ауданында Егіндібұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Бахты орман шарушалығының орманды дала аумағына қарай құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өртті жою үшін ТЖ департаментінің, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қу шаруашылығының, ерікті өртке қарсы құралымдардың, жергілікті полиция қызметінің 169 адамы мен 27 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт аймағында МИ-2 «Қазавиаорманқорғау» тікұшағын қолдану арқылы әуе барлауы ұйымдастырылды.

Бүгін өрт орнына ТЖК  МИ-8 су жіберетін құрылғысы бар тікұшағы ұшып кетті.
Өртті сөндіру жергілікті жердің бедері, қатты түтін салдарынан қиынға соғуда.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің алаңы 500 га.   

Сонымен қатар ашық жерде дала жануын сөндіру жүргізіледі.

2019 жылдың басынан бері облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы алаңы 28 га (2018ж. – 1,06 га) 15 орман өрті орын алды, оның ішінде 21 га орман көмкерілген аймақ, 7 га орман көмкермеген аймақ. 

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері отты абайсыз қолдану, от жағу, найзағай разрядтары, ауыл шаруашылығы техникасының істен шыққан ұшқын сөндіргіштері болып табылады.
Халықты табиғат аясында болған кезде өте мұқият болуға: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамауға, сөндірілмеген алау, сондай-ақ сынған шыны қалдырмауға шақырамыз. 

Дала жұмыстарына тартылған адамдарға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс, техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет. 
Орман аймағына, сондай-ақ елді мекендерге жақын орналасқан дала өрттерінің өтуіне жол бермеу мақсатында жырту жүргізу қажет.

Возврат к списку