Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Ұлытау ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

12.08.2019
 8-9 тамыз аралығында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағында бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және аудан тұрғындарының іс-қимылдарын пысықтау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Өткізілген командалық-штабтық оқу-жаттығудың басты мақсаты ірі авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың салдарын жою барысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарға басқару органдарының, АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі күштерінің дайындығын пысықтау, сондай-ақ АҚ қызметтерінің, авариялық-құтқару қызметтері құралымдарының болуы мен дайындығын бағалау, олардың жасақталуы мен жарақтандырылуы. 

Оқу-жаттығуға Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері, Ұлытау ауданы әкімдігінің аппараты, аудандық ТЖ алдын алу және жою комиссиясы, эвакуациялық қабылдау комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдар тартылды. 
Оқу-жаттығу екі кезеңде ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, басқару органдарының, ауданның авариялық-құтқару қызметтерінің бейбіт уақытта төтенше жағдайлар қаупі және туындауы жағдайында практикалық іс-қимылдарының элементтерін және ауданның АҚ жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының іс-қимылдарын пысықтаумен өткізілді. 
Аудан аумағында бар электрсиреналар мен дауыс зорайтқыштардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Аудандық шұғыл әрекет ету жасағының және адамдарды іздеу және құтқару командасының байқауы өткізілді. 

КШОЖ аясында жоғары вольтты электр беру желілеріндегі аварияны жою кезінде, листриоз және мал пастериозы эпизоотия ошағының пайда болуы кезінде, сондай-ақ жару құрылғысын салу кезінде іс-қимылдарды пысықтаумен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. 

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс қызметтерінің, ұйымдардың бастықтарын азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша тыңдау өткізілді.

Осындай оқу-жаттығулар маусым айында Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданында өткізілді. 
 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку