Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Орман өрттерінің шығу мәселелері «Уақыт.кз» бағдарламасында талқыланды

12.08.2019
Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Біржан Кәрімов «Сарыарқа» телеарнасында «Уақыт.кз» бағдарламасына қатысты. Бағдарламаның шығарылымы орман өрттеріне арналды.
2019 жылдың өткен кезеңінде Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 3,5935 га 7 орман өрті болды, оның ішінде 2,13 га орман көмкерілген аймақ, 1,4635 га орман көмкермеген аймақ. Қарағанды облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша 6 орман өрті - 3,5735 га. 1 орман өрті - Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 0,02 га.
Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында облыс аумағында жалпы саны 148 адамнан тұратын азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар қатарынан 37 мобильді топ құрылды. Құрылған мобильдік топтар 184 рейд өткізді.
Жану ошақтарын анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен төтенше жағдайларды бақылау және ғарыш объектілері мен құбылыстарын бақылау үшін ғарыш объектілерін пайдалануға байланысты қызметтерді көрсетуге шарт жасалды.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазавиаорманқорғау қызметімен келісім-шарт жасады. Осы шарттарда табиғи өрттерді анықтау, оларды жоюға жылдам ден қою, сондай-ақ орманның жету қиын учаскелеріне өртке қарсы десантты түсіру мақсатында ұлттық парк аумағын айналып ұшу көзделген. Ұшу күн сайын жұмыс күндері 1 рет, демалыс күндері күніне 2 рет жүргізіледі; өрт қаупі жоғары кезеңде ұшу саны 5-ке дейін артуы мүмкін.
Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері отты абайсыз қолдану, от жағу, найзағай разрядтары, ауыл шаруашылығы техникасының ұшқын сөндіргіштері болып табылады. Ағымдағы жылы қалыптасқан ыстық және желді ауа райы жауын-шашынсыз табиғи өрттер санының өсуіне ықпал етеді.
ТЖД бастығының орынбасары тұрғындарды табиғатта болған кезде өте сақ болуға шақырды: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамауға, сөндірілмеген алау қалдырмауға, сондай-ақ сынған шыны қалдыруға.
Сондай-ақ, Б. Кәрімов дала жұмыстарына тартылған тұлғаларға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау беру керек, техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет екенін атап өтті. Орман аймағына, сондай-ақ елді мекендерге жақын орналасқан дала өрттерінің өтуіне жол бермеу мақсатында жырту қажет.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі



Возврат к списку