№15 өрт сөндіру бөлімінде «ГТҚҚ үздік буыны» және «Қауіпсіздік бекетінің үздік бекетшісі» атағына байқау жарысының бірінші кезеңі өтті
09.07.2019


2019 жылдың 5 шілдесі күні, Приорзерск қаласындағы №15 өрт сөндіру бөлімінде «ГТҚҚ үздік буыны» және «Қауіпсіздік бекетінің үздік бекетшісі» атағына байқау жарысының бірінші кезеңі өтті. Бөлім аумағында жасалған жарыс алаңында, төрт қарауылдың газ түтіннен қорғаушылары өзара жарысты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік буын» атағын №2 қарауыл газ түтіннен қорғаушылары, «Қауіпсіздік бекетінің үздік бекетшісі» атағын бөлімше командирі Башенов А.Е. жеңіп алды
Бұл жарыс, қызметкерлердің кәсіби білімдерін шыңдауына өте зор үлес қосатыны белгілі. Жас қызметкерлердің оз кәсібіне қызығушылығын және де түтінденген ортада өз-өзіне сенімділігін арттырады.
№15 ӨСБ басшылығы


