Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысында «Жас құтқарушы» сайысының қорытындысы шығарылды

11.06.2019
11 маусымда Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында "Жас құтқарушы" облыстық жарысы өтті, оған қалалық және аудандық жарыстардың қорытындысы бойынша ең мықты командалар қатысты. Олардың қатарына Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларының және Бұқар жырау, Осакаров, Шет аудандарының 10 құрама командалары кірді.  
Жарыс балаларды төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау, патриоттық тәрбие беру және азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау, өзін - өзі және өзара көмек көрсету тәсілдерін зерделеу мақсатында өтті. Осындай іс-шаралар оқушыларға өз күштерін, білімдерін және іскерліктерін нақты бағалауға мүмкіндік береді. 
Жарысқа Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының №52859 әскери бөлімі, сондай-ақ Қарағанды қаласының Мәдениет, демалыс саябақтары мен скверлер қатысты.
Қатысушылар үшін ТЖД бөлімшелерінің авариялық-құтқару техникасы мен жарақтарының көрмесі ұйымдастырылды. 
№52859 әскери бөлімі балаларға ыстық тамақ ұйымдастырды. Барлық қатысушылар тәттілер алды. 
Жарыс бағдарламасына «Визит карточкасы» конкурсы, алғашқы медициналық көмек көрсету, қабырға газеттерінің байқауы, капитандар сайысы, «Жауынгерлік қанат жаю», «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» қашықтығынан өту кірді.
Барлық құрама командалар жоғары деңгейде дайындалды,әр командада ұйымшылдық пен жеңіске ұмтылу сезілді. Қатысушылардың әрқайсысында, олардың басшыларына дейін нағыз сарбаздың командалық және спорттық рухы байқалды. 
Жарыс қорытындысы бойынша Осакаров ауданының жас құтқарушылар құрама командасы «Визитная карточка» байқауына қатысып, капитандар байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды.  
Жезқазған атынан келген команда «Жауынгерлік қанат жаю» және «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» дистанцияларында бірінші орынға ие болды. 
Қарағанды қаласының жас құтқарушылары барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша «Жас құтқарушы» облыстық жарысының жеңімпаздары атанды.   
Сонымен қатар, жеке кезеңдерде жүлделі орындарға ие болған командалар құрмет грамоталарымен марапатталды. 
Қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етілді,ал жеңімпаз командаға жеңімпаз кубогы табыс етілді. Жеңіске деген жігері үшін, жүлделі орын алмаған командалар  да  сыйлықтармен марапатталды.  
Жас құтқарушылардың облыстық жарыстары жыл сайын өткізіледі. Аталған жарыстар балаларды дамытуға және олардың өрт пен судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға, құтқарушылардың тіршілік қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат қызметіне дайындауға және болашақ мамандықты таңдауға бағыттауға мүмкіндік береді. 
Тәжірибе көрсеткендей, осындай іс-шаралардың белсенді қатысушылары азаматтық қорғау органдарына қызметке түседі. 

Баспасөз қызметі
Қарағанды облысының ТЖД
   

                     


                  


                  


                  

Возврат к списку