Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысының саяжай алқаптарында профилактикалық шаралар жалғасуда

15.05.2019
Мамыр – саяжай маусымының басы және көктемгі дала жұмыстарын өткізу кезеңі. Саяжайшылар және шаруа қожалықтың жұмысшылары өрт қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтамайды, бұл саяжай және орман-дала алпаптарының жануына әкеп соғуына мүмкін. Осындай фактілерді болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізіледі: нұсқаулықтар, ауыл шаруашылық өндірушілермен жиындар, саяжай алқаптарында және дала жұмыстарын жүргізу орындарында рейдтер, шаруа қожалықтарының ұжымдарымен әңгімелесулер.
Тек өткен демалыс күндері Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және орман шаруа ұйымдардың жұмыскерлерімен берлесіп, саяжай және орман-дала алқаптарында 29 рейд жүргізілді. Ауыл шаруашылық өндірушілермен 2 жиын өткізілді. Орманға жақын орналасқан саяжай қоғамдарына ерекше назар аударылды.
Профилактикалық іс-шаралармен Қарағанды облысында орналасқан 14 саяжай қоғамы, сонымен бірге шаруа және фермерлік қожалықтары қамтылды.
Рейд барысында саяжайшыларға және шаруа қожалықтардың жұмыскерлеріне табиғи өрттер мен жанулардың статистикасы жеткізілді, өрт қауіпті маусымында және дала жұмыстарың жүргізу кезінде өрт қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар мен плакаттар таратылды. Саяжай қоғамдарының хабарландыру тақталарында ТЖД қызметкерлері саяжай учаскелеріндегі өрт қауіпсіздік ережелері туралы плакаттар орналастырды. Профилактикалық шараларды өткізу кезінде көбірек адамды қамту үшін мобильді құлақтандыру кешені арқылы ақпарат таратылды.
Рейдтер кезінде барлығы 2 мыңнан астам адамға нұсқау беріліп, 1880 жаднама мен плакат таратылды.

Азаматтық қорғау полдполковнигі Н. Ерёменко,
Қарағанды облысының ТЖД

 

Возврат к списку