Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Елдің қуаты – халықтың бірлігінде…

19.04.2019
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысы бойынша өкілі "Қоғамдық келісім" КММ маманы Мақсұтов Қуаныш өз баяндамасын қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың дәйек "Бөтен тіл мен мәдениетті білу адамды осы халықпен тең құқылы етеді…» сөзінен бастады.

Қазақстан Республикасының тарихы, азаматтардың идеологиялық түсінігін құру, діни ағымдары және ең бастысы "Отанға деген махаббат" ӨСжАҚЖҚ №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерін немқұрайлы қалдырмады. Әсіресе "Үш қасиетті кітап" және соғыс кезіндегі "Құрт – өмір құтқарған тас" тарихи сәттері туралы әңгіме есте қалды.

Қуаныш Мәжкенұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын, халықаралық және республикалық "ақындар айтысы" мен фестивальдердің лауреаты.
Сондай - ақ, жиналысқа "Нұр Отан" партиясының Октябрь ауданы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Аманжолова шақырылды. Халықтың осал мәселелерін жеткізді: - аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету, тегін негізде балалар спортын дамыту, Майқұдық және Сұрыптау қалаларындағы азаматтарды қабылдау мекен-жайы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін жан-жақты қозғады. 

Мазмұнды әңгіме тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берумен аяқталды. 
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 13 қарашадағы №784 "Жастар жылын жариялау туралы" Жарлығының 2019 жылға арналған іс-шараларын, мемлекет Басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде №2 өрт сөндіру бөлімінің басшылығы алдағы уақытта басқа ведомстволардың өкілдерін шақыра отырып, жеке құрам үшін осындай жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр.

2-ӨСБ бастығының орынбасары 
азаматтық қорғау майоры Кокушев А. Б.

Возврат к списку