Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Магнум» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу жаттығу өткізілді

11.04.2019
Облыстың шаруашылық объектілерінің өртке қарсы жағдайын күшейту, объект персоналының шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасау жаттығулары, өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің жедел және үйлесімді жұмысы шеңберінде 2019 жылғы 10 сәуірде "Магнум" сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға 7 бірлік арнайы техника мен жеке құрамның 32 өрт сөндірушісі жұмылдырылды. Бұндай оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндірушілердің дайындығын, сонымен қоса сауда нысаныдағы шартты өртті пысықтау.

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, сауда орталығының басқарма бөлігінен шыққан өрт ошағы ішкі жылұстағыш қаптамаларға және ғимараттың төбе жабындысына ұласады. 
ТЖБ қызметкерлері мен обьекттің қызметкері тұтынушылар мен қызметкерлерді сыртқа шығарады. 

Келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері өрт-тактикалық оқу- жаттығу шеңберінде барлық қажетті және жоспарланған шараларды орындады.  ГТҚҚ буындары құтқару құрылғылардың көмегімен таза ауаға өздігінен шыға алмай қалған шартты зардап шеккендерді құтқарды. Өрт ошағын тоқтату мен толықтай жою қимылдарын ғимарат ішінен қол қрттік оқпандары көмегімен жүзеге асырса, сыртқы жабынды мен ғимарат төбесіне  АЛ-32 және АКП-32 стиационарлы лафеттік оқпандармен су берілді. 

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша, оқу-жаттығуға қатысқан жеке құрамның жауынгерлік және тактикалық дайындығын өте жоғары бағаланды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері кәсіптіліктерін, жылдамдықтарын және ұжымның бір адамдай жинақы әрекеттенетінің жоғары деңгейде көрсете білді.     

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмстары қызметі

Возврат к списку