Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Бұқар жырау ауданының ТЖ бойынша Комиссиясының отырысы

15.03.2019
2019 жылдың 13 наурызында Бұқар-жырау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сапар  Каиркенович  Сатаевтың төрағалық етуімен, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның жоспарлы отырысы өткізілді.  
ТЖ бойынша комиссия отырысына аудан прокуроры әділет кеңесшісі Жанкозы Олжабаевич Накишев, аудандық мәслихат хатшысы Асхат Сагадиевич Әли, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Марат Куанышевич Нурланов шақырылды. Сондай ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтердің әкімдері, ұйымдардың және азаматтық қорғау аудандық қызметтерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары  қатысты. 
ТЖ комиссиясы отырысының негізгі мәселесі бойынша – «2019 жылдың су тасқыны кезеңінің ТЖ-нан  тұрғындарды, нысандарды және аумақтарды қорғау бойынша, сондай ақ  ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың  аудандық аумақтық кіші жүйесінің дайындығын қамтамасыз етуді қамту бойынша шаралар кешенін өткізу туралы» ауданның ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі  Нурмухамед Серикович Интуев мәлімдеді. 
2019 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде, аудан әкімінің 2019 жылғы 4 ақпандағы №24-ө өкімімен, 2019 жылдың тасқынды суларынан тұрғындарды, аумақтарды және шаруашылық субьектілерін қорғау бойынша аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді, аудандық жедел штабы қалыптастырылды. Бұл жоспармен 27 тармақтар қарастырылды, мерзімдер мен жауапты лауазымды тұлғалар анықталды. 
Өз баяндамасында Нурмухамед Интуев ауданның, тұрғындардың су тасқынынан қорғалуын айтарлықтай жоғарлатуына әкелетін,  су тасқыны қаупі бар елді мекендерінде 2018 жылдың жаз-күз мезгілдерінде өткізілген дайындық жұмыстары туралы айта кетті.
Сондай ақ су тасқынына дайындықтар барысы туралы кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай ақ коммуналдық және жол ұйымдарының басшылары тыңдалды. 
Орын алған жағдайға байланысты, тұрмыстық секторда өрт қауіпсіздігін қамту және жылыту пештерін пайдалануда көмір қышқыл газымен улануды жібермеу туралы мәселені, ТЖ бойынша комиссия отырысында жоспардан тыс қарастыру туралы шешім қабылданды. 
Азаматтық қорғау полковнигі Н.Интуев жыл басынан аудан аумағында 17 өрттер, олардан 14-і тұрмыстық секторда тіркелгендігі туралы айта кетті. Көмір қышқыл газынан уланудан 2 адам қайтыс болған, оның ішінде 1 бала, 4 бала жарақат алған. Өлім мен жарақат алудың себептері қатты отынмен жағылатын ақаулы пештен көмір қышқыл газының бөлінуі болып табылған. 
Қазіргі кезде көмір қышқыл газының әсерінен қорғанудың тиісті баламалы амалы, пешпен жылытатын үйлерде  газоанализаторларды орнату болып табылады. Бұл құрылғы ауадағы көмірқышқыл газының құрамына үздіксіз бақылау жасайды және пайдаланылатын пештің авариялық жағдайында, оның қауіпті түзілуі туралы дыбыстық дабылмен ақпараттандырады. 

Әкімдермен орындарында,  газоанализаторларды алу мен орнату, сондай ақ демеушілік көмек есебінен көмір қышқыл газы құрылғыларын сатып алу қажеттілігі туралы  тұрғындармен жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан аумағында 36 датчиктер орнатылған. 
Сондай ақ ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен және ауданның 3 өрт сөндіру бөлімдерімен жыл басынан жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша 5322 адамдарды қамтумен, 1906 аулалық аралаулар жүргізілді.  
ТЖ комиссиясы отырысының қорытындылары бойынша Сапар Сатаевпен қарастырылған мәселелер  бойынша нақты тапсырмалар берілді және жауапты орындаушылар бекітілді. Су тасқынының авариясыз өтуіне және жылыту маусымында адамдар өлімін жібермеуге негізгі назар аударылды.  


Владимир Малышкин
Бұқар жырау ауданының ТЖБ
аға инженері
азаматтық қорғау капитаны 

Возврат к списку