Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«#24/7_Я_ВОЛОНТЕР» форумында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері сөз сөйледі

14.03.2019
Жыл сайын еріктілер қозғалысы Қазақстан Республикасында жаңа ауқымда қоғамның назарын аударуда. Өзгенің қайғысына немқұрайлылық танытпай, көбінде осы еріктілер іздестіру жұмыстарында, жол тазалауда, құтқару және профилактикалық іс-шараларда ат салысып жатады. Қиын жағдайда білікті көмек көрсету үшін білімділік пен іскерлік қажет. 
       Еріктілерді оқыту мақсатында, сондай-ақ тәжербие алмасып еріктілер санын көбейтіп, істеріне жаңа темп беруге  2019 жыл наурыз айының 13 – жұлдызында Теміртау қаласының Мәдениет сарайында  «#24/7_Я_ВОЛОНТЕР» форумы өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: «Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы» ҚММ.
   «Теміртау жастар клубы» ҚБ,  ҚР Қоғамдық даму және Қазақстан Республикасының БҰҰ Еріктілерді Дамыту Бағдарламасының қолдауымен «Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылтайшыларының белсенді қатысуымен өткізілді. 

Аталмыш іс-шараға  14 пен 29 жас аралығындағы жалпы саны 1800 еріктілер мен спикерлер қатысты. 
«#24/7_Я_ВОЛОНТЕР» салтанатты ашылуына Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, қалалық маслихат хатшысы, ҚР жастар ісі бойынша кеңестің мүшесі, «Ұлттық еріктілер жүйесі» өкілдері, «Теміртау жастар клубының» өкілі,  Теміртау қаласының спорт және мәдениет бөлімінің жетекшісі, және тағы басқалары қатысты.  Сонымен қатар, ашылу салтанатында  сәлемдесу сөзімен Қарағанды облысы ТЖД өкілдері сөз сөйледі. 
Ақпаратты жеңіл жеткізу үшін және қабылдау үшін 4 топқа бөлінді. Еріктілермен жұмыс бір уақытта 4 алаңда әр түрлі бағыттағы спикерлер сөз сөйледі. Әр алаң жылжымалы стендтермен, қажетті ақпараттармен толық жабдықталған. 
ТЖД қызметкерлері «ТЖ және медициналық еріктілері» алаңында сабақтар жүргізді. Сабақ тыңдаушылармен ақпаратты оңай қабылдау үшін еркін түрде өткізілді. Қарағанды облысы ТЖД спикерлері ретінде: Облыстық өрт қауіпсіздік саласындағы Бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының,  Апаттар медицинасы орталығының және Теміртау қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты. 
Департамент қызметкерлері балаларға судағы тәртіп ережелері; суға бату кезінде бірінші медициналық көмек көрсету; өрт кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер, алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері, су басу кезіңде эвакуациялық іс-шаралар туралы айтты. АМО фельдшерлері тыңдаушыларға тұншықтырғыш газбен уланған кезде, тоқ соққанда, күйгенде, сынған және күн сәулесі өткен жағдайда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету кезіндегі әрекеттерді көрнекі түрде көрсетті. Барлық қалаушылар манекенде реанимациялық іс-шаралар: жасанды тыныс беру және жүрекке тікелей емес массаж жасап көрді. Дәріс қызу әңгімелеумен сүйемелденді. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер туралы сұрақтарын қойып,  қанағаттанарлық жауаптар алды. 
Жиналған қатысушылар ТЖД қызметкерлеріне осы іс-шараға бірлесе ат салысқандары үшін алғыстарын білдірді. 
Форум өткізу барысында білім мен тәжербие  жинаған еріктілер өздерінің игі істерін жаңа жылдамдықпен жалғастыратын болады. 

Тотия Енсебаева
Қарағанды обласы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку