Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Халықпен профилактикалық жұмыс жалғасуда

13.03.2019
Тұрғын үй секторындағы өрттерді, адамдардың жарақаттануы мен қаза болуын азайту мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті  Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша тұрғындармен тұрақты түрде кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамымен өртке қарсы нұсқамаларды өткізу мақсатында Өрт сөндіру және авариялық -құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің қызмет атқарудан бос қарауылдарды, жергілікті полиция қызметін және әкімдік қызметкерлерін тарта отырып, тұрғын үй секторларында аулалық аралау жүргізіледі. Тұрғын үйлері пешпен жылытылатын жеке сектор тұрғындарының назары пешпен жылытудың дұрыс орнатылуына және пайдаланылуына баса назар аударылады. Көп қабатты үйлердің тұрғындарымен жоғары қабатты ғимараттарда газ баллондарын пайдалануға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2018-2019 жж.жылыту кезеңінің басынан барлығы 245 178 адамды қамтумен 88 562 аула аралау жүргізілді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірге әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы адамдардың тұрғылықты жері бойынша 3464 адамды қамтыған 623 рейд өткізілді. Жергілікті атқарушы органдардың, ПИК қызметкерлерімен бірлесіп жылыту кезеңінің басынан бері 8555 адамды қамти отырып, тұрғындармен 474 жиналыс ұйымдастырылып, өткізілді. Жиын барысында көп қабатты тұрғын үйлердің, сондай-ақ жеке сектордың тұрғындарына 2018 жылы, 2019 жылы өткен кезеңде болған өрт оқиғалары, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, атап айтқанда пешпен жылытуды, тұрмыстық газ жабдығын, электр қыздырғыш құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары жеткізіледі.

2019 жылдың өткен кезеңінде 131452 адамды қамти отырып, 54312 тұрғын үйді аралау, 2344 адамды қамти отырып, 375 рейд, 5037 адамды қамти отырып, халықпен 264 жиналыс өткізілді.

Халықты оқыту кезінде барынша қамту үшін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары және жылыту пештерін пайдалану ережелері туралы ақпаратты аралау барысында Өрт сөндіру және авариялық -құтқару жұмыстары қызметі мобильді хабарлау кешенінен және облыстың елді мекендерінде орнатылған дауыс зорайтқыш құрылғыларды тарату жолымен жеткізіледі.

Интернет порталдарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде  тұрақты негізде өртке қарсы тақырыпта үгіт-профилактикалық материалдарды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпаратты орналастыру ұйымдастырылған. 

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар кешені 2019 жылдың басынан бастап өрттердің жалпы санын 7,8% - ға төмендетуге мүмкіндік берді. Тұрғын үй секторында 7,9% төмендеді. Өртте қаза болғандардың саны 64,7% - ға, жарақат алғандардың саны 64,7% - ға төмендеді.6%. Улы газбен уланудан қаза болғандардың саны өрттің пайда болуынсыз 62.5% - ға төмендеді.


Қарағанды облысы ТЖД 
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы 

Возврат к списку