Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Лайықты ауысым

12.03.2019
Ауызбірлігі мықты, қызметкерлер бірін-бірі қолдайтын  командада жұмыс істеу қаншалықты маңызды екенін бәрі біледі. Кейінгі үш жылда ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 34-ӨСБ –де көптеген тәжербиелі өрт сөндірушілер мен жүргізушілер, өз тәжербиелерін жастарға берумен құрметті демалысқа кетті.  

Кейбір жас қызметкерлер бір жылда жұмыс істемей жұмыстан шығуда, әрбіреуінің себептері әр түрлі: біреулеріне еңбек ақы аздық етсе, басқаларына бұл жұмысты істей алмайтындай көрінеді, ал үшіншілері «Өрт сөндіруші» кәсібін айтарлықтай беделді емес деп санайды.  Көптеген жастардың басқалай қызығушылықтары бар: өз ісін ашу, тез және көп күш салмай көп ақша табу, бұл жерден басқа алыс жаққа кету. Шындық осындай: теледидарда жас және табыстыларды көрсетеді, жарнамадағы әдемі өмір белсенді түрде насихатталады ...

Бірақ, бақытымызға қарай, көбі  өздерінің аяқтарынан мықты тұрған, не қажет және оған қалай қол жеткізуді біледі. Олардың арасында – азаматтық қорғау органдарында қызмет ету бұл оның кәсіпқойлығы деп санайтындар да бар. 
 
Отан алдындағы борышын өтеген соң, кәсіби өрт сөндіруші немесе өрт сөндіргіш автокөлік  жүргізушісі қызметкері болу туралы күрделі шешімді, өзі үшін қабылдағандарды  бұл санатқа қосуға болады. 

Құрылымның жеке құрамының арасында келесі өрт сөндіруші жас қызметкерлерді атағым келеді: Рустем Нуркенов, Ербол Шукенов, Ұлан Жанатов және жүргізуші –қызметкерлер Григорий Смолин, Айдын Байдельдинов, Кирилл Сковородко. Бұлар жас, мақсаттары айқын, өмірге деген құштарлығы мол, өзіне-өзі сенімді қызметкерлер, олар- XXI ғасыр жастары деп айтуға болады.  
Біз жас қызметкерлерімізді мақтан етеміз және біздің 34-ӨСБ осындай лайықты кадрлармен толықтырылады деп сенеміз. 

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және
 авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 34-ӨСБ бастығы
азаматтық қорғау майоры
Е.С. Жунусбеков

Возврат к списку