Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыйлыққа - қауіпсіздік!

11.03.2019
Төбедегі бейбіт аспан үшін қуаныш, жан рахаты мен көз жасынсыз өмір үшін қуаныш, біздің Қазақстанның жетістіктері үшін қауаныш, басымызда баспана, үстел үстінде нан, тұз және жарқын болашағымыз үшін қуаныш. Мұның бәрі бір сөзбен айтқанда – бақыт. «Мен үшін басты міндеттердің бірі – қазақстандық аналардың бақыты» деп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекер айтқан жоқ. 

Қазіргі уақытта Президентіміздің тапсырмасы бойынша, Қазақстанның барлық жерінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жұмысы күшейтілген, мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек, әр отбасының өмірін жақсарту үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.

Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар бойынша басқарма да шетте қалмады. Біз үшін, азаматтық қорғау қызметкерлері, әр отбасының қауіпсіздігі, отбасында жазатайым және қайғылы оқиғаларды болдырмау маңызды. Бірінші қапталда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үгіт – насихат, аула аралау, оқыту, әңгімелесу, жаднамаларды тарату және тағы басқа көптеген профилактикалық жұмыстар өткізіледі. 

Бұл жолы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, жұмыстарымыздың көкжиегін кеңейтіп, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға «қауіпсіздік» сөздің тура мағынасын сыйлауды бастамасын қолға алдық. 

«КазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұңай құбыры басқарма бастығы Асылбек Наурызғалиұлы Бешимовке Жезқазған қаласының ТЖ бойынша Басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі Төлеуғалиева Ләззат Төлеуғалиқызы ұсынысымен, бірлесіп атқарылған оң істің арқасында он бес отбасына қайырымдылық көмек жасалып, пәтерлерде тұншықтырғыш газ датчигін орналастырып, отбасыларға өрт сөндірудің бастапқы құралдармен -  ұнтақты өрт сөндіргіштерін және сыйлықтар (азық – түлік жиынтықтарын)  8 Наурыз Күнін мерекелеу құрметіне сыйлыққа тартылды.
 
«Өрт болмайды, қайғы шегініп – әр отбасы бақытты болсын!»  өзіндік ұранмен акциясы өтті. 
«КазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұңай құбыры басқармасының қызметкерлерімен және БАҚ өкілдерімен он бес отбасымен кездесу өтті.

Бұл кездесуде үй иелерінің кеңпейілдігі, алғыс пен түсінушілігі айтылды, елімізде тұрақтылық, азаматтарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсету, олардың қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар туындауынан қорғау – мұның бәрі табысты болашаққа қол жеткізу кепілі мен әрбір жеке отбасының амандығы.

Ал біз – азаматтық қорғау жүйесінің қызметкерлері, он бес отбасында  өрттен қосымша қорғану пайда болғанына қуандық. 
 
Жезқазған қ. ТЖБ
АҚ бөлімінің бас маманы    Лариса Асташова
 


Возврат к списку