Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысының ТЖД оқу-әдістемелік жиынының бірінші кезеңі аяқталды

08.02.2019
Бүгін Қарағанды облысының ТЖД-де көктемгі кезеңде су басу қаупі бар аудан әкімдері аппараттарының мамандарымен және ауылдық округтердің әкімдерімен оқу-әдістемелік жиынының бірінші кезеңі аяқталды. 
\
Екі күндік жиында 16 адам қамтылды. 

Екі күндік жиын барысында тыңдаушыларға ТЖД қызметкерлері, «Казгидромет», «Казводхоз», «Казавтожол», «Апаттар медицинасы орталығы», Жергілікті полиция қызметінің өкілдері дәріс оқыды. 

Оқу-әдістемелік жиын бағдарламасында азаматтық қорғау саласындағы заңнама, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері, су тасқыны кезеңіне тұрғындарды және аумақты дайындауды ұйымдастыру, гидрологиялық бекеттердің жұмысына қойылатын талаптар, халықты хабардар етуді ұйымдастыру, эвакуациялық іс-шараларды дайындау және өткізу алгоритмі, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және т. б. түсіндірілді. 

Сонымен қатар тыңдаушылар дәріс сабақтарымен қатар өрт сөндіру бөлімінің және ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жұмысымен, сондай-ақ Бұқар-Жырау ауданының Чкалово және Садовое елді мекендерінде тұрғызылған су тасқынына қарсы инженерлік құрылыстармен танысты. 

Екі күндік бағдарлама аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар берілді. 

7 ақпанда көктемгі кезеңде су басуға ұшыраған аудан әкімдері аппараттарының мамандары мен ауылдық округтердің әкімдерімен оқу-әдістемелік жиын басталғандығын естеріңізге сала кетейік,. 

Бірінші тыңдаушылар тізімінде Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарының, сондай-ақ Қарағанды, Сәтбаев, Шахтинск, Жезқазған және Балқаш қалаларының мамандары мен ауылдық округ әкімдері бар.

Ақпан айының соңына дейін саны 90 адамнан асатын тағы екі топты оқыту жоспарланған.  

Осындай форматтағы оқыту екінші жыл өткізілуді.  

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі


Возврат к списку