Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлық әлемдік деңгейдегі мәселе

08.02.2019
 Сыбайлас жемқорлық – саяси ұстанымына және экономикалық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерде бар, әлемдік деңгейдегі мәселе. 
     
Сыбайлас жемқорлық қоғамның күнделікті тұрмыс тіршілігінің кез келген саласына өтіп кетеді және алуан түрде және формада көрініс табады. 
     
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік – саясат деңгейіне қойылған және Елбасының тікелей бақылауында. Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлық туралы айтқанда, қоғамның қатысуынсыз  сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап көрсеткен.  Сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғам түгелдей бірге күресуі қажет. Сол кезде ғана қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген зәрезат туындатып, бұл індетпен күресте жетістіктерге қол жеткізуге болады.
    
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру Азаматтық қорғау органдарында әр қызметкердің бастапқы міндетеірінің бірі және парызы, олардың әрқайсысы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі жазасыз қалмайтынын есте сақтауы керек. 
   
Осы мақсатта Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықпен күреске, мемлекеттік қызметшілер имиджін көтеруге және заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аударылған. 
  
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және орын алуын болдырмау бойынша жүйелі түрде кешенді шаралар атқарылып тұрады, «Нұр Отан» партиясының Теміртау қалалық филиалымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Теміртаудағы филиалымен өзара тығыз әрекеттесу қалыптасқан.
      
Теміртау қаласының ТЖБ еске салады, әр сейсенбіде сағат 16.00 ден 18.00-ге дейін Басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі А.С.Алпысбаев жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне жеке қабылдау өткізеді.  Басқарма дәлізінде жазбаша өтініштерді қабылдау жәшігі орнатылған. 
    
 ІІМ біріңғай сенім телефоны 1402, Қазақсатан Республикасының мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі 1424.

Теміртау қаласының ТЖ Басқармасы




Возврат к списку