Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді

08.02.2019
Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі, Сәтбаев қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Сәтбаев қаласының аумағындағы тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік бейімделмеген азаматтырдың тұрғылықты мекен-жайларында рейдтер өткізді. Рейд барысында тұрғын секторында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 Үгіт-насихат барысында келесі талаптар жайында бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді: 
- пәтер ішінде электр жылу қондырғыларын қосып қараусыз қалдырмауы;
- жатын орындарда темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын қылтимадан лақтырмаңыз;
- тоқ пешінде тағамдарды дайындау барысында қараусыз қалдырманыз;
- сымы зақымдалған электрқондырғыларды пайдаланбаңыз;
- қолдан жасалған тоқ тасымалдағыштарды пайдаланбаңыз;
- киім-кешекті газдың және электрплитаның үстіне кептірмеңіз;
- балаларды отпен ойнауына жол бермеңіз;
- тұрмыстық химиялық заттарды отқа тақамаңыз;
- мұржаларды күл-қоқыстан кемінде айына 1 рет тазалап тұрыңыз;
- жанар-жағар майды от тұтатуға пайдаланбаңыз;
- жанып жатқан пеш пен электрқұралдарды қараусыз қалдырмаңыз;
- газ баллондарды ауыстырғанда балонның редуктормен герметикалық жалғануын отпен емес сабынды көбікпен тексеруіңіз қажет;
- үйден шығарда газ және электрқұралдарын өшіріңіздер.

Жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша өртті алдын алу, сондай-ақ өрт болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде жаднамалар таратылды. 

                                           Есіңізде сақтаңыз!
           Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау - әр азаматтың міндеті.
                         Өртті сөндіргеннен, алдын алған оңай!

Өрт оқиғасы болған жағдайда дереу өрт сөндіру қызметіне 101 немесе                      
        112 телефон нөмерлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. 


Сәтбаев қаласының Төтенше 
жағдайлар бөлімінің бас маманы 
азаматтық қорғау аға  лейтенанты   
Қ. Тұяқбаев


Возврат к списку