Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағандыда тұрғын үй секторы бойынша рейдтер жүргізілуде

11.01.2019
Қарағанды облысының ТЖ департаментінің қызметкерлері тұрғын үй секторында профилактикалық рейдтер жүргізуде. Халықты көп қамту мақсатында аулаларды және пәтерлерді аралап шығу жұмыс күндерімен қатар демалыс күндері де жүргізіледі.

Рейдтің мақсаты өрттің, улы және табиғи газбен уланудың алдын алу болып табылады.

Рейд барысында тұрғындарға пешті және тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді. ТЖД мамандары баллонды сатып алу кезінде чек немесе газ шаруашылығының атауы, баллон нөмірі, газ баллон массасы және ол сатып алынатын автомобиль нөмірі көрсетілген талон талап етуге кеңес береді. Жеке үйлерден, лицензияланбаған машиналардан, кездейсоқ қоймалардан және т. б. баллондарды сатып алу ұсынылмайды.

Өрт пен төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
- 2 қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынады;
- үй-жайларды өз бетімен газдандыруға, газ құралдарын, баллондарды және бекіту арматураларын ауыстыруға және жөндеуге болмайды;
- тиісті ұйымдардың келісімінсіз газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға болмайды;
- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмау қажет;
- газдың шығуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз (осы мақсатта сабын эмульсиясын пайдаланыңыз);
- мектепке дейінгі жастағы балаларды газ аспаптарын пайдалануға жол бермеу және оларды қараусыз қалдырмау қажет;
- желкөздері, желдету каналдарының торлары жабық, түтін жолдарында тартқыш болмаған кезде газ аспаптарын пайдалануға болмайды.

Газ шығып жатқан жағдайда не істеу керек:
- газ беруді жабуға тырысыңыз;
- үй-жайларды желдетуді қамтамасыз етіңіз;
- сіріңкелерді, оттықтарды жақпаңыз, ашық отпен немесе темекімен үй-жайға кірмеңіз;
- жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;
- егер газ жанса, отты сөндірмеңіз - газ бен ауа жарылыс қаупі бар қоспа жасайды, газ жанып жатқанда жарылыс қаупі жоқ.
Оқиға туралы дереу 104 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Серік Бағлан,
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку