Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сәтбаев қаласының БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді

09.01.2019
Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е. Байғазиевпен «2018-2019 жылғы жылу маусымы кезеңінде өрттің алдын алу шаралары және адам өлімін болдырмау» тақырыптарында БАҚ тілшілерімен брифинг өткізілді.

Қалалық БАҚ тілшілеріне 2019 жылы Сәтбаев қаласының аумағында орын алған өрттер және олардың туындау себептері жөнінде, және адамдар жаппай жиналатын объектілерінде және тұрғын үйлерінде өрт қауіпсіздік шараларын орындау керектігі бойынша ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі негізгі шаралары жеткізілді.

Жылу беру мауысымы кезеңінде:
- тұрғын үй және пәтерлерде электрлік жылу қондырғыларын қосып және электрлік тоқ пешінде тағамдарды дайындау барысында қараусыз қалдырмау қажет;
- сымы зақымданған электрқондырғыларды пайдалануға болмайды;
- жасы кәмелетке толмаған балалардың қолдарына сіріңке ұстатпау және балаларға сіріңке ойыншық емес екендігін, сіріңке тұрмыстық затта қолданылатындығы және оны ересек адамдар қолданатындығы жөнінде түсіндіру қажет;
- тұрғын үйлердің қылтимасында темекі тұтқылын толығымен сөндірмей тастамауды және төсек орында темекі шекпеңіз;
- киім-кешекті газдың және электрлік пештердің үстінде кептірмеңіз;
- жылыту пештеріне тез жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз;
- ақаулы қатты отынға арналған пештерді қолданбау керек;
- толық қанды жұмыс істемейтін мұржасы бар қатты отынға арналған пештерді пайдаланбаңыз.

Есіңізде сақтаңыз!
Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау - әр азаматтың міндеті.
Өртті сөндіргеннен, алдын алған оңай!

Өрт оқиғасы болған жағдайда дереу өрт сөндіру қызметіне 101 немесе 112 телефон нөмерлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.


Сәтбаев қаласы ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі
Е. Байғазиев

Возврат к списку